www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер
13.06.2018
Қала әкімі аппараттық кеңес өткізді

 

Шахтинск қаласының әкімдігінде қала әкімі С. Аймақовтың төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес  өтті.

Тұрып қалған кәсіпорындармен атқарылған жұмыстар туралы ақпаратты кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы С.Капаев ұсынды.

Бөлімнің мәліметі бойынша қазіргі кезде, аймақта 73 тұрып қалған кәсіпорын бар. Тұрып қалудың басты себебі қаражаттың жоқтығы, кәсіпорын құрылтайшыларының арасындағы ала ауыздық, жұмыстардың маусымдық сипаттылығы, сондай-ақ, оның ішінде тіркелген күннен бастап жұмыс істемеген кәсіпорындар бар.

Баяндамашы жұмыс істемейтін кәсіпорындардың оңалтуына қатысты жүргізіліп жатқан жұмыстарға назар аударды, соның нәтижесінде кәсіпорын - «Шахтинский мукомольный завод» ЖШС жұмысын бастады. Сондай-ақ кәсіпорындарда қызметті қалпына келтіруді күрделендіретін негізгі факторларды атап көрсетті: негізгі құралдардың және инфраструктураның құнсыздануының жоғары пайызы; ұқсас өнімдер үшін нарықтағы жоғары бәсекелестіктің салдарынан рентабельділік болмауы; әлеуетті инвесторлар тарапынан қызығушылықтың жоқтығы, олардың қызметтері мен өнімдеріне деген сұраныстың төмендеуі.

Қала әкімі С.Аймақов жұмыс тобына осы бағытта жұмыс жүргізуге талдау жасап, оның нәтижелеріне сүйене отырып, қызметтік жазба дайындау туралы тапсырма берді.                                                                           

Шахтинск аймағын санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру жөніндегі көктемгі екі айлық өткізудің қорытындысы туралы ақпаратты ТКШ, ЖК, АЖ және ТИ бөлімі басшысының м.а. А.Самиев баяндады.

Көктемгі екі айлық өткізу шеңберінде 224 ұжым мен 3100- ден астам  адамның  қатысуымен 14 сәуірде және 5 мамырда – жалпы қалалық сенбіліктер, 21 сәуірде және 26 мамырда – жалпы облыстық сенбіліктер, сондай-ақ, «санитарлық бейсенбі» 250 ұжым мен 3000- нан астам  адамның  қатысуымен өткізілді.

Екі айлық өткізу кезеңінде келесі жұмыстар атқарылды: 8000-ға мжуық қоқыс шығарылды, заңдастырылмаған 30 қоқыс алаңы жойылды, 2000 жасыл желек қырқылды, 1000 ағаш және 300 бұтақ отырғызылды, сондай-ақ, 5000 – нан астам қала және кент ағаштары әктелді.

«Үлгілі аула», «Үздік кондоминиум объектісі», «Үздік КМБ объектісі» номинацияларында екі айлық көктемгі кезеңде байқауға ерекше назар аударылды, жеңімпаздар келесі жүлделерге ие болады: 1 орын - спорт алаңы, 2 орын - балалар алаңы, 3 орын - шағын ойын алаңы.

Шахан, Долинка және Новодолинский кенттерінің әкімдері де көктемгі екі айлықты қорытындылады.

Аймақ басшысы сенбіліктер өткізуді жалғастыруға шақырды, сондай-ақ ЖПҚ қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі жұмысын қарқындыту бойынша және жапсарлас аумақтағы шаруашылық субъектілерін ретке келтіру бойынша нақты тапсырмалар берілді.

 

Шахтинск қаласы әкімінің баспасөз қызметі



Вернуться назад

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр -3°C , ылғал 87%, қысым 719, жел 3 м/с

Валюта бағамдары

USD 371.31
Euro 419.32
Рубль 5.59

Дауыс беру

VI шақырылым депутаттарының қызметімен Сіз қанағаттанасыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2018 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2018 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары