www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер
06.06.2018
Әкімдікте аппараттық кеңес өтті

 

Қала әкімі С.Аймақов аппараттық кеңес өткізді, онда «Аулалық клубтардың жұмысы туралы» және «2018 жылғы жазғы демалыс кезеңінде балалардың демалысын, сауығуын және бос уақытын ұйымдастыру туралы» мәселелер қаралды. 

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің меңгерушісі С. Ибраеваның баяндамасы тыңдалды.

Шахтинск аймағында үш аулалық клуб жұмыс істейді, Шахтинск қаласында «Ақсүйек» аулалық клубы, Шахан кентінде «Қарлығаш» аулалық клубы, Новодолинский кентінде ҚР Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында салтанатты түрде ашылған «Шапағат»  аулалық клубы. Бұл аулаларға 264 бала барады, 2018 жылғы есеп беру кезеңінде 860 адамды қамти отырып, 52 іс-шара өткізілген. Бұдан әрі баяндамашы әр клубтың қызметіне жеке тоқталып өтті. Аулалық  клубтар желісін кеңейту мәселесі өзекті мәселе болып тұр, бүгінгі таңда осындай клубты Долинка кентінде ашу қажеттілігі бар.

Екінші мәселе бойынша ақпаратты білім бөлімінің басшысы Н.Онсович берді.

2018 жылдың жазғы демалыс кезеңінде 6405 оқушыны қала сыртындағы лагерьлерде, профилакторияларда және санаторияларда демалыспен және сауықтырумен қамту жоспарлануда. Балалар мектеп аумағын абаттандыру және көгалдандыру бригадаларында,  «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарында жұмыс істейтін болады, аулалық клубтарға, қызығушылық клубтарына, тіл мектептеріне, түрлі спорттық және мәдени шараларға қатысады. Халықтың әлеуметтік әлжуас топтарындағы балаларға ерекше көңіл бөлінеді.

Аппараттық кеңес қорытындысы бойынша қала әкімі С.Аймақов аулалық клубтардың санын және олардың қызметін кеңейту, сондай-ақ жазда оқушыларды жұмыспен қамту және  демалту түрлерін ұлғайту қажеттілігі жөнінде, бұл ретте балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлу жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді.

 

Шахтинск қаласы әкімінің баспасөз қызметі



Вернуться назад

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 15°C , ылғал 53%, қысым 713, жел 3 м/с

Валюта бағамдары

USD 341.08
Euro 394.46
Рубль 5.37

Дауыс беру

VI шақырылым депутаттарының қызметімен Сіз қанағаттанасыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2018 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2018 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары