www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер
01.06.2018
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ сыйлықтары

 

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «АрселорМиттал Теміртау» АҚ табысы төмен және көп балалы отбасылардан шыққан балалар мен мүгедек балаларға мереке сыйлады. Қала әкімдігі аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы өзара ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде қайырымдылық шараларын өткізді.

Біздің аймақта аз қамтылған отбасыларынан шыққан 320 оқушы бар, олардың әрқайсысы үшін компания қысқы курткалар сыйлады. Мерекені құттықтап, №1 гимназияның 34 оқушысын мерекемен құттықтауға және оларға сыйлық беруге қала әкімі С.Аймақов, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ атқарушы директоры В.Басин, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментінің директоры А.Черномаз келді.  Құрметті қонақтар балаларды мерекемен құттықтады, ал қала әкімі С.Аймақов компания басшылығына сыйлықтар мен өзара ынтымақтастық үшін алғыс білдірді.

Мереке «Ертегі» отбасылық демалыс орталығында жалғасын тапты, осында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы 7D кинотеатрындағы мультфильмдерді көрсете отырып,  «Вертикаль» мейрамханасының аниматорларымен, ойын автоматтарымен және дәмді тағамдарды ұсына отырып, нағыз мереке ұйымдастырды. Ал мереке соңында әр балаға әуе шарлары мен тәтті сыйлықтар  сыйланды.

 

Шахтинск қаласы әкімінің баспасөз қызметі



Вернуться назад

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр 27°C , ылғал 38%, қысым 711, жел 3 м/с

Валюта бағамдары

USD 360.12
Euro 409.67
Рубль 5.33

Дауыс беру

VI шақырылым депутаттарының қызметімен Сіз қанағаттанасыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2018 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2018 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары