www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер
01.06.2018
Балаларды қорғау күні - ең қуанышты және сүйікті мереке

 

Балаларды қорғау күні - ең қуанышты және сүйікті мереке. Таңертеңнен бастап ата-аналар, әжелер мен аталар балаларымен қаланың орталық алаңына жиналды. Бұл күні балаларға арналған көңілді, толыққанды бағдарлама дайындалды: кішкентай артисттер концерттік нөмірлер дайындады, мерекелік сауда ұйымдастырылды, батут пен алтыбақан орнатылды, автокөліктер мен велосипедтерде тебу ұсынылды. Жас оқырмандарға кітап көрмесі, ал суретшілерге – сурет байқауларына қатысу ұсынылды. Мерекелік күннің ең жарқын сәті Астананың 20 жылдығына арналған балалар мен жасөспірімдердің музыкалық ансамблінің шеруі болды. Жалпы республикалық мерекенің бастамашысы - ҚР Білім және ғылым министрлігі. Біздің қалада шеру екінші рет өткізіліп отыр, біздің аймақтың барлық мектептерінен бірнеше жүз оқушылар қатысты. Әсем костюмдер , билер, музыкалық аспаптарды ойнау ... бәрі көзді қатты қуантты.

Қала әкімнің орынбасары Қ.Тілеубергенов балаларды осындай жарқын мерекемен құттықтады, осынау мереке күні жақсы демалыңыздар және бүгінгі күн сіздерге есте қаларлықтай тамаша әсер берсін деп тіледі.

Осынау мереке күні біздің қаламыздың барлық ойын-сауық орталықтарында мерекелік бағдарламалар ұйымдастырылды. Ал кәсіпкерлер 1 маусымда өз есігін айқара ашқан мектеп жанындағы лагерьлерге баратын балаларға балмұздақ таратты.

Мереке екінші маусымда да өз жалғасын тапты. «Тұрмыстық техника» дүкенінің алдында демеушілердің қолдауымен қаланың барлық балаларына арналған және тіл орталықтарында балаларға арналған «В поисках лета» атты мерекелік шоу бағдарламасы ұсынылды, оларға сүйікті мультфильмдердің кейіпкерлері қатысты. Мерекеге қатысушыларды ішкі саясат бөлімінің бастығы С.Нұрмағанова құттықтады.

Балаларды қорғау күні  көптеген оқиғаларға толы болды және балаларға да, ата-аналарға да көптеген ұмытылмас әсер қалдырды!

 

Шахтинск қаласы әкімінің баспасөз қызметі



Вернуться назад

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр 27°C , ылғал 38%, қысым 711, жел 3 м/с

Валюта бағамдары

USD 360.12
Euro 409.67
Рубль 5.33

Дауыс беру

VI шақырылым депутаттарының қызметімен Сіз қанағаттанасыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2018 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2018 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары