www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер
04.06.2018
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру

 

Өткен сенбіде қала әкімдігі қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шахтинск қаласының №1 бөлімімен бірлесіп кеншілер мәдениет сарайында мүгедектер мен олардың жеке көмекшілеріне мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мәселесі мен «электрондық үкімет» порталы арқылы электрондық мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін түсіндіру мәселесі бойынша семинар өткізді.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шахтинск қаласының №1 бөлімінің қызметкерлері ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) көмегімен «электронды үкімет» порталы арқылы қандай мемлекеттік қызметтерді алуға болатындығы туралы айтып берді және оны онлайн – режимде көрсетті. Семинарға қатысушының әрқайсысына мемлекеттік қызметтерді алудың қадамдық алгоритмін сипаттайтын ақпараттық буклет берілді.

Осындай семинарлар әртүрлі жерлерде тұрақты негізде өткізілетінін атап өткен жөн. Атамлмыш іс-шараның бастамашысы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті мен қала әкімдігі болып табылады.

 

Шахтинск қаласы әкімінің баспасөз қызметі



Вернуться назад

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр 27°C , ылғал 38%, қысым 711, жел 3 м/с

Валюта бағамдары

USD 360.12
Euro 409.67
Рубль 5.33

Дауыс беру

VI шақырылым депутаттарының қызметімен Сіз қанағаттанасыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2018 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2018 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары