www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер
16.05.2018
Қала әкімдігінде аппараттық кеңес өтті

 

15 мамырда қала әкімдігінде қала әкімі С.Аймақовтың төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес  өтті.  

Ветеринарлық қауіпсіздік саласындағы бақылау функцияларының тиімділігі мен нәтижелілігі туралы ақпаратты ветеринария бөлімінің басшысы М.Эльмурзиева берді.

Баяндамашы ағымдағы жылдың бес айында эпизоотияға қарсы жүргізілген және алдын-алу іс-шаралары  туралы толық айтып өтті. Бүгінгі таңда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ірі және ұсақ қара мал ауруының төмендегені байқалады. Күн сайын ішкі сауда объектілерінде тексер жүргізіледі. Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін ветеринарлық дәрі-дәрмектер толық көлемде жеткізілген. Ауылшаруашылығы малдарын күту, сою жөніндегі ветеринарлық – санитарлық ережелерді сақтау және оны бұзғаны үшін тағайындалатын жауапкершілік  туралы жаднамаларды тарата отырып, тұрғындармен, жеке шаруашылық және шаруа қожалықтарының  иелерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Қала әкімі ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесін тұрақты бақылауда ұстау туралы тапсырма берді.

Ұлттық біріңғай тестілеу өткізуге дайындық жүргізу барысы туралы білім бөлімінің басшысы Н. Онсовичтің баяндамасы тыңдалды.

Өткен жылдан бастап Ұлттық біріңғай тестілеу тек грант бойынша және ақылы негізде ҚР ЖОО түсуге арналған  емтихан болып табылады. Түлектер 5 пәннен емтихан тапсырады, оның ішінде үш міндетті және таңдаған мамандығына байланысты екі кәсіби бағыттағы пәннен емтихан тапсырады. Шахтинск аймағының түлектері үшін Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде ҰБТ тапсырудың болжамды мерзімі 20 маусымнан 23 маусымға дейінгі аралық. Биылғы жылғы 261 түлектің ішінде 144 оқушы немесе 55,2% ҰБТ қатысуды жоспарлап отыр. Білім бөлімінің мәліметі бойынша 21 түлек «Алтын белгi» атағына және 6 түлек үздік ерекше үлгідегі аттестатқа  үміткер.

Аппараттық кеңес қорытындысы бойынша қала әкімі ұлттық біріңғай тестілеуді тиісті деңгейде ұйымдастыруды және өткізуді тапсырды.

 

Шахтинск қаласы әкімінің баспасөз қызметі



Вернуться назад

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 28°C , ылғал 25%, қысым 710, жел 9 м/с

Валюта бағамдары

USD 327.42
Euro 383.51
Рубль 5.29

Дауыс беру

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2018 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2018 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары