www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер
16.05.2018
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер – өмір жолындағы маңызды тетіктердің бірі

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер – өмір жолындағы

маңызды тетіктердің бірі
 

Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты халыққа Жолдауында «Халыққа қөрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру – жемқорлыққа қарсы әрекеттік және мемлекеттік органдардың қызметіне азаматтардың сенімділігін арттырудың басты аспектісі» - деп, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге ерекше назар аударған болатын.

Бұл орайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер адамның тіршілік әрекетінің барлық салаларын және барлық кезеңін қамтитындығы ақиқат. Азамат өмірге келген сәттен бастап өмір бойы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу арқылы мемлекетпен өзара әрекеттеседі.

Азаматтардың мемлекеттік қызмет алу бойынша құқықтарын кепілдендіру үшін мемлекет өз тарапынан мемлекеттік органдар үшін
өз құзырына кіретін әрбір мемлекеттік қызмет бойынша стандарт пен регламент қабылдау және қызмет көрсету кезінде стандарттың талаптарын басшылыққа алу қажеттілігін белгілейді. Мемлекеттік секторды реформалаудың басты бағыттарының бірі мемлекеттік қызмет сапасын арттыру және мемлекеттік қызметті тиімді көрсетуге әсер ететін процестерді жетілдіру болады. Үкімет қойған тапсырмаларды іске асыру аясында Электрондық үкіметті дамыту, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және оңтайландыру және мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде барлық қызметтерді электронды түрге көшіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Жыл басында Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында «Бір терезе» қағидаты бойынша бизнеске мемлекеттік қолдау көрсету үдерістерін цифрландыруды қамтамасыз ету және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің интеграциясы «бір өтініш» қағидаты бойынша жекелеген мемлекеттік қызмет көрсетуден кешенді қызмет көрсетуге көшуге мүмкіндіктер беретіндігін, сонымен қатар табиғи монополия субъектілері көрсететін қызметтерінің сапасын арттыру жөніндегі жұмысты жалғастыру керектігін, ақпараттық жүйелерді біріктіру, мобильдік цифрлық қосымшаларды қолдану, электрондық үкіметке көшу қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру қажет екенін атап өтті.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты тұрақты түрде түсіндірме жұмыстарын жүргізе отырып, әлеуметтік желілерге, БАҚ-ға мақалалар жариялап және «egov» жүйесімен қызметтерді «оңай және жылдам» алуға болатын видеороликтерді жолдап отырады. Мемлекеттік қызмет көрсету жұмысының сапасын арттыру үшін мамандармен семинарлар, лекциялар және дөңгелек үстелдер өткізіліп, күнделікті бейнероликтер көрсетіліп тұрады.

Расында, қазіргі кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге күннен күнге сұраныс жоғарылап келеді. Бұл ретте, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, оның ішінде электрондық нысанда және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы қоғамның хабардарлығы артуда. Енді, осы сәттен бастап халыққа максималды қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметтер көрсету процесін толық жаңарту процесі басталды деп сеніммен айта аламыз.

Мемлекеттің негізгі мақсаты, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру және әр азаматтың мемлекетпен артық кідіріссіз өзара әрекеттесу рәсімдерін жеңілдету болып табылады.

Осыған орай, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылау, мемлекеттік қызметтерді көрсету рәсімдерін жақсарту бойынша әр азаматқа өзінің ұсыныстарын білдіруге мүмкіндік беретін өзіндік ашық диалог алаңы екендігі сөзссіз. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылаумен қатар, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторинг тетігі енгізілген тағы бір негізгі жаңалық болып отыр. Бұл өз кезегінде, мемлекеттік қызмет алушылардың яғни, халықтың басқарушылық шешімдерді мемлекеттік қызметшілермен бірге қабылдауға қатысуға мүмкіндік беретін жаңа тетіктердің бірден бірі екендігін білдіреді.

Атап айтқанда, азаматтар өз өтініштерінің қалай қарастырылып жатқанын көріп, дер кезінде сапалы жауап алуға тиіс, тек сонда ғана біз халықтың мемлекетке деген сенімін арттырамыз және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын жоғарылатып еліміздің даму процесін жылдамдататын боламыз.

 

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас

жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің

Қарағанды облысы бойынша департамент басшысы

СӘРСЕНОВ ЖАНДОС ШЕРАЛЫҰЛЫ



Вернуться назад

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 28°C , ылғал 25%, қысым 710, жел 9 м/с

Валюта бағамдары

USD 327.42
Euro 383.51
Рубль 5.29

Дауыс беру

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2018 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2018 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары