www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер
12.04.2018
Тұрақты бақылауда

 

Өткен сәрсенбіде жергілікті әкімдікте жергілікті қоғамдастық өкілдерімен кезекті кездесу өтті. Кездесуге Шахтинск қаласының әкімі С. Аймақов, қала әкімінің орынбасарлары, қалалық емхана директорының орынбасары Д.Нұрмағанова, «Барс» қалалық стадионының директоры Б.Балықов, мемлекеттік органдардың, «Шахтинскводоканал» ЖШС өкілдері, сондай-ақ, кент тұрғындары қатысты.     

Қала әкімі С. Аймақов, мемлекеттік органдардың басшылары өткен кездесу барысында  келіп түскен ұсыныстар мен ескертулердің орындалуы туралы есеп берді.

Кездесуге «Институт ГРАДИЕНТ проект» қосылқы мердігер ұйымының директоры Д.Королев қатысты, ол бүгінгі таңда орталық қазандық құрылысының жобасы аяқталу сатысында және мемлекеттік сараптамадан өтетіндігін айтты, сондай-ақ, кент тұрғындарынан келіп түскен барлық сауалдарға жауап берді.

Кездесу барысында кент тұрғындары көктемгі екіайлық шеңберінде кентті абаттандыру және санитарлық тазарту, ауылшаруашылық жәрмеңкелерін өткізу орнын белгілеу, терапевтердің тапшылығы, иесіз иттерді аулау сияқты тұрғын үй-коммуналдық және әлеуметтік мәселелерді көтерді.

Қала әкімі мен кент әкімі өзге де сауалдардың барлығына  тиісті жауаптар мен түсініктемелер берді, сауалдардың жартысы бұдан әрі шешу үшін бақылауға алынды.

 

Шахтинск қаласы әкімінің баспасөз хатшысы



Вернуться назад

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр 31°C , ылғал 28%, қысым 710, жел 2 м/с

Валюта бағамдары

USD 346.68
Euro 404.02
Рубль 5.47

Дауыс беру

VI шақырылым депутаттарының қызметімен Сіз қанағаттанасыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2018 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2018 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары