www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер
12.04.2018
Қала әкімдігінде аппараттық кеңес өтті

 

11 сәуірде қала әкімдігінде қала әкімі С.Аймақовтың төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес  өтті.  

Халықтың әлеуметтік-әлжуас қабатына әлеуметтік көмек көрсету туралы ақпаратты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Р.Меллятова баяндады.

Ағымдағы жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Шахтинск аймағында кедейлік деңгейі 0,1% құрады, 58 адам тұратын 16 аз қамтылған отбасы есепте тұр, ол алдыңғы жылдың сәйкес кезеңіндегі кедейлік деңгейіне сәйкес.  

Баяндамашы әлеуметтік көмектің әртүріне тоқталып өтті: ол шарты және шарсыз ақшалай көмекке бөлінетін атаулы әлеуметтік көмектің жаңа нысаны; тұрғын үй көмегі, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаты мен мүгедектерге көрсетілетін әлеуметтік көмек, БТЖЖ тұлғаларға көрсетілетін көмек  туралы айтып өтті. Түйінді мәселелер де қозғалды, оның ішінде тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркеудің жоқтығы, айыппұл санкцияларын төлеу және т.б.

Қала әкімі халықтың әлеуметтік – әлжуас санатына көмек көрсету жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.

Шахтинск қаласын және жапсарлас кенттерді абаттандыру, санитарлық тазарту және көгалдандыру жөніндегі көктемгі екі айлықты өткізуге дайындық жүргізу туралы ақпаратты ТКШ, ЖК, АЖ және ТИ бөлімі басшысының м.а. А.Самиев баяндады. Көктемгі екі айлық өткізу шеңберінде 14 сәуірде және 5 мамырда – жалпы қалалық сенбіліктер, 21 сәуірде және 26 мамырда – жалпы облыстық сенбіліктер, сондай-ақ, апталық санитарлық бейсенбілер өткізіледі. Кеңеске қатысушылардың назарына қаланы абаттандыру, санитарлық тазарту және көгалдандыру жөніндегі іс-шаралар жоспары ұсынылды. Сонымен қатар, «Үздік аула», «Ең үздік кондоминиум объектісі», «Ең  үздік абаттандырылған шағын және орта бизнес объектісі» номинациялары бойынша конкурстар өткізу жоспарланып отыр.

Ақпаратты тыңдай келе, қала әкімі тиісті уәкілетті органдарға екі айлықты өткізуге белсене қатысу қажеттігін халыққа  түсіндіру жұмыстарын күшейтуді және заңдастырылмаған қоқыс орындарын жою бойынша тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.

ТКШ, ЖК, АЖ және ТИ бөлімі басшысының м.а. А.Самиев, ішкі саясат бөлімінің басшысы С.Нұрмағанова және қаланың ІІБ жергілікті полиция қызметінің басшысы Е.Абишев ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспары туралы баяндады, бұл ретте басты назар жұмыстағы басымдылық бағыттар мен негізгі міндеттерге аударылды.

Аппараттық кеңес қорытындысы бойынша қала әкімі С.Аймақов бюджеттік бағдарламалардың  әкімшілеріне 2018 жыл ағымында нысаналы индикаторлар мен негізгі көрсеткіштерді орындауды қамтамасыз ету бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

 

Шахтинск қаласы әкімі аппаратының баспасөз хатшысы



Вернуться назад

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр 31°C , ылғал 28%, қысым 710, жел 2 м/с

Валюта бағамдары

USD 346.68
Euro 404.02
Рубль 5.47

Дауыс беру

VI шақырылым депутаттарының қызметімен Сіз қанағаттанасыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2018 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2018 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары