www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Облыс жаңалықтары

14 Маусым 2018
Men qazaqpyn мегажобасының облыстық кезеңіне қазақ халық әндерін және музыкасын орындайтын 30 үміткер өтті

Қарағандыда алдағы сенбі күні, 16-шы маусымда кеншілер мәдениет сарайының сахнасында Men qazaqpyn мегажобасының облыстық кезеңі өтеді. Аймақтық іріктеу кезеңдердің нәтижелері бойынша оған 30 қазақ халық әндерін, күй мен терме орындаушылар шықты.
Шығармашылық байқау туралы толығырақ Saryarqa телеарнасының директоры, қазылар алқасының мүшесі Берік Дүйсетаев Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында айтып берді.
- Men qazaqpyn мегажобасы екінші рет өткізіліп отыр. 2017-ші жылы ол Qazaqstan телеарнасында басталған болатын, - деді спикер. – Биылғы жылы іріктеу кезеңдері облысымыздың барлық қалалары мен аудандарында өтті. Оларға 118 адам қатысты, оның ішінде 30-ы облыстық кезеңге өтті.
Ең белсенді орындаушылар Бұқар Жырау, Шет, Жаңаарқа ауданадыр мен Жезқазған қаласынан болды. Бұл аймақтардан облыстық кезеңге үш үміткерден өтті.
30 қатысушылардың ішінде 11 – күй орындаушылары, 7 – терме және 12- дәстүрлі ән орындаушылар.
- Терме орындаушылар аз, себебі бұл күрделі жанр. Қатысушылар туындыларын туған жерлеріне арнаулары тиіс, немесе біздің жыршы-жырауларымыздың термелерін орындаулары керек, - деп атап өтті айтыскер, қазылар алқасының мүшесі Айтбай Жұмағұлов.
Men qazaqpyn жобасы қазақ халық шығармашылығын танымал етуге бағытталған. Оған 18-40 жас аралығындағы әнші, термеші, күйшілер қатыса алады. Қазылар алқасының мүшелері айтуынша, бағалау кезінде орындау ерекшелігі және туған өлкесі туралы атақты күйлер мен жырауларды білу деңгейі ескеріледі.
15-ші маусымда С.Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театрында жеребі тастау рәсімі өтеді. 16-шы маусымда Кеншілер мәдениет сарайында мегажобаның облыстық кезеңі өтеді. Басталуы – 12.00-де. Кіру тегін.
Облыстық кезеңнің жеңімпаздары Астана қаласында өтетін Men qazaqpyn халықаралық теледидарлық мегажобаға қатысады. Республикалық кезең Qazaqstan республикалық телеарнасының эфирінде 2018-ші жылдың қыркүйегінен бастап көрсетіле бастайды. Мегажобаның финалы 16-шы желтоқсанда өтеді.
 


Вернуться назад


Аймақтың барлық жаңалықтары karaganda-region.kzсайтында

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 15°C , ылғал 53%, қысым 713, жел 3 м/с

Валюта бағамдары

USD 341.08
Euro 394.46
Рубль 5.37

Дауыс беру

VI шақырылым депутаттарының қызметімен Сіз қанағаттанасыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2018 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2018 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары