www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Облыс жаңалықтары

12 Маусым 2018
Бектау ата шатқалында өткен туристер форумының қатысушы командалары бір миллион теңгеден алды

Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданындағы Бектау ата шатқалында орналасқан «Факел» сауықтыру лагерінде «Ашылулар әлемі. Жас турист. Жас іздеуші» атты экспедициялық жасақтардың туристік-өлкетану облыстық форумы өтті.
Үш күндік марафонда 20 команда сайысты. Олардың әрқайсысы форумның соңында Intellektum зияткерлік ойындар кабинетін сатып алуға 1 миллион теңгеге сертификат алды.
Экспедициялық жасақтардың туристік-өлкетану облыстық форумы жыл сайын Қарағанды облысындағы балаларға арналған қала сыртындағы лагерлерде ұйымдастырылады. Биылғы жылы шараны Қарағанды облысының Білім басқармасы, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы, Қарағанды облысының білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығы, «Сарыарқа дарыны» АҒТО, Қарағанды облыстық туристік клубы ұйымдастырды.
Форумға облыстың әр қалалары мен аудандарынан 300 бала келді. Қатысушылар ғылыми-зерттеу жобаларын қорғады. Командалар туристік салада өзара сайысты. Ақындық әндер байқауы өтті.
Сыйлықсыз ешкім қалмады. Жеңімпаздарды І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен, сондай-ақ бағалы сыйлықтар және кубоктармен марапаттады. «Өлкетану» және «Туризм» еоминацияларының иегерлері таңдалды.
Форум «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрибе және білім» қосымша бағдарламасының «Өлкетану» негізгі бағыты бойынша облыстық жобалар реестріне енгізілді.
Қарағанды облыстық Білім басқармасының баспасөз-қызметі таратқан ақпарат бойынша
 


Вернуться назад


Аймақтың барлық жаңалықтары karaganda-region.kzсайтында

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 15°C , ылғал 53%, қысым 713, жел 3 м/с

Валюта бағамдары

USD 341.08
Euro 394.46
Рубль 5.37

Дауыс беру

VI шақырылым депутаттарының қызметімен Сіз қанағаттанасыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2018 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2018 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары