www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Облыс жаңалықтары

12 Қаңтар 2018
Қарағанды облысында «Ақылды қаланың» негізгі өзегі МЖС бойынша бірыңғай үйлестіру орталығы болады

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов Елбасының халыққа Жолдауын талқылауға арналған актив жиналысында аймағымызда Смарт-сити элементтерінің енгізілуі туралы айтып берді.
- Смарт-сити бағыты бойынша Қарағанды облысы пилоттық аймақтар қатарына енді. Біздің мақсатымыз – жаңа технологиялар арқылы қалалық ортаны Елбасы айтқандай өмір сүруге және жұмыс істеуге жайлы болатындай етіп ұйымдастыру болып табылады, - деп атап өтті Ерлан Қошанов. – Бүгінгі таңда 2018-ші жылдың соңында іске қосылатын мемлекеттік-жекеменшік серіктестік механизмі бойынша бірыңғай үйлестіру орталығы құрылуда. Ол «Ақылды қаланың» интеграциялық өзегі болады.
Облыс әкімі Смарт-сити элементтерін кезең-кезеңмен енгізу үшін әлемдік тәжірибе зерттелгенін айтты.
- Бейнесараптау және оқиғалық хабарлауы бар ауқымды бақылау жүйесі бар «Қауіпсіз қала» жүйесінен бастадық. Қазіргі таңда Қарағандыда қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған облыстық ІІД жедел басқару орталығына қосылған 3000-нан астам бейнекамералар жұмыс істейді, - деп жеткізді аймақ басшысы.
Ол бір жыл көлемінде тағы да 12 000 жеке кәсіпорындар, білім және денсаулық ұйымдарының камераларын қосу жоспарланып отырғанын айтты.
Аймағымызда денсаулық сақтау және білім беру салаларында ақпараттық жүйе дамып келеді. Қарағандыда мамыр айында енгізіледі деп жоспарланып отырған электроны билеттеу жүйесін және электрондық диспетчерлеуді енгізу бойынша жұмыстар басталды.
- ТКШ саласында біз коммуналдық қызмет сапасына мониторинг жүргізуді енгізбекпіз. Келешекте келесі кезеңге сай қаланың өміршендігін басқарудың ақылды жүйелері пайда болуы тиіс, - деп жалғастырды сандық жүйеге ауысуы тиіс салалар тізімін Ерлан Қошанов. – Смарт-сити технологияларын біз Қарағандыда енгізіп жатырмыз, алайда келешекте бұл тәжірибе облысымыздың басқа аймақтарында да жүзеге асырылады.
Облыс әкімі Кәсіпкерлік басқармасына қала және аудан әкімдерімен, сондай-ақ қызығушылық танытқан кәсіпкерлермен бірігіп сандық технологияларды енгізу жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.
 


Вернуться назад


Аймақтың барлық жаңалықтары karaganda-region.kzсайтында

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр 15°C , ылғал 79%, қысым 710, жел 6 м/с

Валюта бағамдары

USD 326.17
Euro 401.25
Рубль 5.31

Дауыс беру

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2018 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2018 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары