www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар

Облыс жаңалықтары

12 Қаңтар 2018
Жас дарындардың халықаралық байқауларға сапараларына қажетті қаражат Қарағанды бюджетінен бөлінді

 Қарағандыда 2018-ші жылдан бастап шығармашыл дарынды балалардың халықаралық байқауларға сапарлары қала бюджетінен қаржыландырыла бастады. Бұл бағыттарға 13 млн теңге бөлінді. Осы қаражат есебінен қосымша білім ұйымдарының шамамен 40 тәрбиеленушісі шет елдерге барып келе алады.
- Қарағандыда 10 мемлекеттік қосымша білім беру ұйымдары жұмыс істейді. Қала бюджетінде 2018-ші жылға осыған дейін қаржыландырылмаған бағыттар бойынша қаражат қарастырылды. 120 млн теңге материалдық-техникалық базаны дамытуға бөлінді. Алғаш рет 13 млн теңге көлемінде балалардың халықаралық байқауларға қатысуына қаражат қарастырылды, - деді Қарағанды қаласы Білім бөлімінің жалпы және орта білім секторының меңгерушісі Наталья Головина.
Қосымша білім беру ұйымдары музыкалық аспаптарын жаңарта алады.
- Басқа бағытқа тоқталар болсақ, біз бөлінген қаражат балалардың 4 халықаралық байқауларға қатысуына жететінін есептедік, жәнеде жалпы есептегенде әр байқауға 10 баладан жібере аламыз, - деп түсіндірді Наталья Головина.
Іріктеу өлшемшарттары бойынша қалалық білім бөлімі ұйым директорларымен кеңескен. Бірнеше жиналыстар өткізген. Нәтижесінде қос деңгейлі іріктеу турларын өткізу туралы шешім қабылдаған – мекеме ішінде және қалалық іріктеу кезеңі.
Алдын ала наурыздан мамыр айына дейін әртүрлі елдерде өтетін байқаулар таңдап алынды. Бұл түрлі жанрлар бойынша жас музыканттарға арналған халықаралық үш байқау: Прагада (Чехия), Канн (Франция) және Римде (Италия). Ал жас суретшілерді Италияда өтетін пленэрге аттандыру жоспарланып отыр.
- Ұйымдарда іріктеу турлары өтті. Жеңімпаздар қаңтардың соңында өтеді деп жоспарларын отырған қалалық турға қатысады. Оның қорытындысы бойынша лайықты деген үміткерлер таңдалып, қаламыздың, Қазақстанның намысын халықаралық байқауларда қорғайтындар анықталады, - деді Наталья Головина.


Вернуться назад


Аймақтың барлық жаңалықтары karaganda-region.kzсайтында

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық -26°C , ылғал 74%, қысым 732, жел 5 м/с

Валюта бағамдары

USD 323.20
Euro 395.56
Рубль 5.72

Дауыс беру

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2018 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2018 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары