www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Облыс жаңалықтары

11 Қаңтар 2018
Қарағанды облысының авто жолдарында түнде 20 адам құтқарылды

 Қарағанды облысында 11-ші қаңтарда түнде ТЖД бөлімшелерімен авто жолдарда ауа райы қолайсыздығынан қиын жағдайда қалған 20 адам құтқарылды.
Әртүрлі жерлерден құтқарушылар қар үйінділерінде қалып қойған жеңіл көліктердегі адамдарды шығарған, сондай-ақ көліктерді жол шеттерінен алып шыққан. Осы секілді оқиғалар түнде Ұлытау, Абай, Шет аудандарының жергілікті жолдарында орын алған. Қиын жағдайда 9 жеңіл көліктердің жүргізушілері мен жолаушылары қалып қойған.
«Алматы-Екатеринбург» автожолының 946-шы шақырымында шағын автобус бұзылып, тұрып қалған. Көлік ішінде 10 адам болған. Жолаушылардың көбісі бағыттас машиналармен сапарларын жалғастырған. Бір адамды құтқарушылар таңғы беске қарай Қарағандыға жеткізген.
«Барлық жоғы өткен түнде «112» нөміріне анықтама-кеңес беру сұрақтары, сондай ақ ТЖД негізгі қызметі бойынша: эвакуация, құтқару және т.б. бойынша 1000-нан астам қоңыраулар келіп түсті», - деп хабарлады ведомство баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, 9-шы қаңтарда халыққа 10-11 қаңтарда облыс аумағында желдің күшейуі туралы хабарлама таратылған болатын. Ауа райының бұзылуынан 10-шы қаңтарда кешкі уақытта авто жолдар жабылды. 11-ші қаңтар таңертеңнен бастап облысымызда барлық бағыттарға бүкіл көлік түрлері үшін жол жүруге тыйым салынды.
Адамдарға әсіресе түнгі уақытта және ауа райы құбылған жағдайда алыс сапарларға шығудан бас тартуға кеңес беріледі.
«ТЖД бөлімшелері жоғарылатылған дайындық үстінде. «112» бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметі, 36 өрт сөндіру және 7 құтқару бөлімшелері, жедел қызмет ету бригадалары және 7 трассалық медициналық-құтқару бекеттері үнемі дайын режимде», - деп айтылған хабарламада.


Вернуться назад


Аймақтың барлық жаңалықтары karaganda-region.kzсайтында

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр 11°C , ылғал 39%, қысым 721, жел 7 м/с

Валюта бағамдары

USD 327.92
Euro 399.31
Рубль 5.23

Дауыс беру

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2018 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2018 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары