www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар

Облыс жаңалықтары

14 Қараша 2017
Жезқазғанда Жанат Хаджиев атындағы аймақтық театрлар фестивалінің лауреаттары марапатталды

 Жезқазғанда Жанат Хаджиев атындағы І аймақтық театрлар фестивалі аяқталды. Фестивальдің жабылу салтанатында лауреаттардың есімдері аталып, жүлделер табыс етілді.

«Үміт» номинациясында Арқалық қаласының балалар және жасөспірімдер театры жеңімпаз атанды. «Көрермендер көзайымы» сыйлығы С.Сейфуллин атындағы Қарағанды Мемлекеттік қазақ театрына берілді.
«Үздік эпизодтық рөл» жүлдесі С.Сейфуллин атынлағы театрдың әртісі Мейірбек Шәкеновке табыс етілді. «Үздік әйел рөлі» номинациясында К.Станиславский атындағы Қарағанды драма театрының әртісі Марина Марычева жеңімпаз атанды. «Үздік ер адам рөлі» номинациясында Ж.Аймауытов атындағы Павлодар қазақ драма театрының актері Бекболат Оқасов және С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық-драма театрының әртісі Теміржан Жанботаев үздік деп табылды.
«Үздік режиссерлік жұмыс» үшін сыйлық Қ. Қуанышбаев атындағы Астана қазақ драма театрының режиссері Нұрлан Жұманиязовқа табысталды. «Облыс әкімінің сыйлығы» Ғ. Мүсірепов атындағы Алматы мемлекеттік Академиялық балалар және жасөспірімдер театрына берілді.
«Жанат Хаджиев атындағы сыйлықты» қазылар алқасы С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық-драма театрына табыс етті.

Жанат Хаджиев атындағы бірінші аймақтық театрлар фестивалі Жезқазған қаласында 8-12 қараша аралығында өтті. Шара С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық-драма театрының 45 жылдық мерейтойына орайластырылған еді.
Фестивальдің қазілар алқасының төрағасы КСРО және ҚазССР халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Асанәлі Әшімов болды.


Вернуться назад


Аймақтың барлық жаңалықтары karaganda-region.kzсайтында

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 0°C , ылғал 44%, қысым 728, жел 3 м/с

Валюта бағамдары

USD 331.00
Euro 390.32
Рубль 5.59

Дауыс беру

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2017 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2017 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары