www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар

Облыс жаңалықтары

14 Қараша 2017
Қарағандылық жолдарда сапарлық электроавтобус сыналуда

 
Сапарлық электроавтобус жолаушыларды осы айдың соңына қарай тасымалдай бастауы мүмкін.
Электробусты Қарағанды қаласының №2 автопарк іске қосады. Әзірге біздің қала үшін жаңа экологиялық жолаушы тасымалдау көлігі тестілеу кезеңінен өтуде. Қала көшелерінде ол бір апта бұрын жүре бастады.
- Біз оны өз меншігімізге әлі алған жоқпыз, - дейді «№2 автобус паркі» ЖШС пайдалану бөлімінің бастығы Ғалиасқар Байжанов. – Екі айға дейін оны тестілейміз. Қазір ол жолаушыларсыз жүріп, аялдамаларда есігін ашып, жабады. Біз оның қарағандылық аяздарға шыдай ала ма, жоқ па сонысын білгіміз келеді.
Электробустың біз қуаттануы 8-10 минутқа созылады. Ол 70 шақырым жолға дейін жеткілікті. Алайда аккумуляторды толықтай отырғызуға кеңес берілмейді. Онда әрдайым 20% қуат қалып отыруы тиіс.
- Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша біз электробусты ең ұзақ және күрделі №43 бағытқа тестілейтін боламыз, - деп түсіндірді Ғалиасқар Байжанов. – Бұл маршруттың ұзақтығы 27 шақырымды құрайды. Осылайша, бір бағытқа барып-қайту үшін, екі рет қуатталуы керек болады, жәнеде пайдалану ережесіндегі талапқа сай 20% қуат қалып отырады. Бір қуаттау қүрылғы Майқұдық автобекетінде орнатылды. Екіншісін Оңтүстік-Шығыстың 30-шы шағын ауданында орнатады.
Мұндай көлік түрі үйреншікті автобустармен салыстырғанда экологиялық таза және үнемді болып табылады. Оны маршрутқа қосу қарашаның соңына қарай жоспарланып отыр. Алдын ала болжам бойынша жол жүру құны 80 теңге болады.
Жаңа Quazar 6832GEV электробусы өткен жылдың соңына қарай Қазақстанда Higer KLQ6832GEV1 қытай моделінің негізінде жасала бастаған.


Вернуться назад


Аймақтың барлық жаңалықтары karaganda-region.kzсайтында

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 0°C , ылғал 44%, қысым 728, жел 3 м/с

Валюта бағамдары

USD 331.00
Euro 390.32
Рубль 5.59

Дауыс беру

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2017 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2017 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары