www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар

Облыс жаңалықтары

13 Қараша 2017
Саран қаласында «Қыс-2017» оқу жаттыға барысында төтенше жағдайларға дайындық деңгейі тексерілді

 Саранда 9-10 қараша күндері «Қыс - 2017» республикалық командалық-штабтық оқу жаттығулар өтті. Жаттыға барысында қыс айларында орын алуы мүмкін барлық төтенше жағдайларға: Өртке, автокөлік апаттарына, адамдардың тоңып, мұздауына қатысты азаматтық қорғаныс жүйесінің дайындығы сыналды.
Тоғызыншы қарашада жедел әрекет ету тобының байқауы өтті. Оның құрамына қаланың өмірішендігін, төтенше жағдайда адамдарды құтқару және эвакуациялауды қамтамасыз ететін түрлі қызмет өкілдері кіреді. Полицейлер, өрт сөндірушілер, дәрігерлер, азық-түлік және тамақтану қызметінің өкілдері, сондай-ақ Сарана қаласының коммуналдық ұйымдарының қызметкерлері қалалық стадион алаңында сапқа тұрды.
Бұл күні сонымен қатар тәжірибелік жаттығулар да өтті. Үш төтенше жағдай жасалды. Оның бірінде сценарий бойынша қар мен мұздың салдарынан қазандықтың шатыры құлап, тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттарға жылу берілу тоқтап қалады. Екінші сценарий бойынша Саран-РТИ автожолының көпірі маңында жолаушы тасымалдау автобусы тұрып қалады. Ал үшінші сценарийге сай азаматтық қорғаныс қызметінің өкілдеріне суға батып бара жатқан балықшыны құтқару керек болды.
Барлық сынақтардан қатысушылар сүрінбей өтті. «Зардап шеккендерге» көмек көрсетілді, оның ішінде медициналық, автокөліктер эвакуацияланып, қираған шатыр жөнделді.
Сонымен қатар Саран қаласы мен Ақтас кентінде жергілікті хабарландыру жүйесі де толық даярлық қалпына келтірілді. Төтенше жағдай туралы хабар таратылып, сирена қосылды.
Жергілікті жүйенің басты артықшылығы – оның төтенше жағдай туындағандағы жеделділігінде. Саран Алматы қаласынан кейінгі осы секілді жүйені орнатқан екінші қала болып табылады.


Вернуться назад


Аймақтың барлық жаңалықтары karaganda-region.kzсайтында

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 0°C , ылғал 44%, қысым 728, жел 3 м/с

Валюта бағамдары

USD 331.00
Euro 390.32
Рубль 5.59

Дауыс беру

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2017 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2017 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары