www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар

Облыс жаңалықтары

13 Қараша 2017
Еңбек министрі Қарағандыда экономист болып жұмысқа орналаспақ болды

 Аймаққа жұмыс сапарымен келген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Қарағандының халықты жұмыспен қамту орталығында болды. Ведомствоның басшысын ұйымның әлеуметтік жүйедегі жаңашылдықтарға даярлығы қызықтыды. Министр жеке сынақ жүргізді – бос жұмыс орындары бойынша экономист болып жұмысқа орналасбақ болды.
Қазақстанда әлеуметтік мекенжай көмегінің (ӘМК) жаңа үлгісі енгізілуде. Бүгінгі таңда Үкімет халықты жұмыспен қамту орталықтарын реформалауды бастады және барлық халық шоғырланған бөлімшелер бойынша біріңғай бос жұмыс орындарының онлайн-платформасын құрды.
Келесі жылдан бастап халықты жұмыспен қамту орталықтары адамдар жәрдемақы мен басқа да әлеуметтік көмектерді алатын бір жер болады. Бүгін ол үшін төрт жерге бару керек.
ӘМК тек қана ақшалай төлем емес, ол кедейлік деңгейден шығудың кешенді шарасы, деп қосты Тамара Дүйсенова. Жаңашылдықты енгізу арқылы халықты жұмыспен қамту орталықтары қолайлы болулары тиіс.
- Мен дайындық деңгейін тексеріп көрдім. Жалпы алғанда командағы қатысты, қызметкерлердің құзыретіне байланысты күмән жоқ,- Қарағандының халықты жұмыспен қамту орталығының жұмысына министрдің көңілі толды.
Алайда еңбек министрі Қарағанды әкімі Нұрлан Әубәкіровке халықты жұмыспен қамту орталығының 4-ші қабатта орналасуына қатысты ескерту айтты. Бұл мүмкіндігі шектеулі және қарт адамдарға қиындықтар туғызады. Тамара Дүйсенова орталықты бірінші қабатқа ауыстыру туралы өтініш білдірді. Қала әкімі мекемеге жаңа ғимарат берілетінін айтты.
Журналистерге берген сұхбатында Тамара Дүйсенова өз сынағы жайлы айтты.
- Мен маған экономист мамандығы бойынша жұмыс керек екенін айттым. Маған осы мамандық бойынша 20-ға жуық бос жұмыс орындарын көрсетті, алайда олардың барлығы мемлекеттік кәсіпорындарда. Адамдарды жеке құрылымдар қызықтыратыны түсінікті, себебі ол жерде жалақы көбірек,-деді министр. – Біз қазір электронды жұмыс биржасын шығардық. Бізге бизнеспен көбірек жұмыс жасау керек.
Жұмыс сапарының соңында еңбек министрі қала және аудан әкімдері және олардың халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша орынбасарларымен кеңес өткізді.
Қарағандының халықты жұмыспен қамту орталығының мәліметінше, облыс орталығында бүгінде 500-ден астам ұйым мен кәсіпорын ұсынып отырған 3000 жуық бос жұмыс орындары тіркелген. Қарағандылықтардың бос жұмыс орындарын WhatsApp қосымшасы арқылы көру мүмкіндігі бар. Орталық ақпаратынша, жыл басынан бері аталмыш қызмет түрін 4000 астам адам қолданған, жәнеде олардың 700-ден астамы жұмыс тапқан.


Вернуться назад


Аймақтың барлық жаңалықтары karaganda-region.kzсайтында

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 0°C , ылғал 44%, қысым 728, жел 3 м/с

Валюта бағамдары

USD 331.00
Euro 390.32
Рубль 5.59

Дауыс беру

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2017 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2017 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары