www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар

Облыс жаңалықтары

10 Қараша 2017
Тамара Дүйсенова: «АрселорМиттал Теміртауда» қысқарту болмайды»

 Қарағанды облысының әкімдігінде өндіріс модернизациясына байланысты еңбек нарығындағы болжамды өзгертулер турасында жиын өтті. Жұмыс берушілермен кездесуге ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова қатысты. Жиында аймақтың жүйе құраушы кәсіпорындарындағы еңбек ресурстарына қатысты жағдай талқыланды.
Тамара Дүйсенованың хабарлауынша, Елбасының тапсырмасымен жұмыс тобы құрылған, оның құрамына министрлік және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері енген. Оның сөзінше, республикамыздың 10 мың кәсіпорындарында сауалнама жүргізілген. Ондағы мақсат өндіріс модернизациясы қызмет саласына қалай әсер ететінін анықтау.
Қарағанды облысы бойынша сауалнама 70 кәсіпорында жүргізілуде, олардағы жұмысшылар саны 500 адамнан асады. Олардың үштен бірі жұмыспен қамтуда өзгерістерге соқтыруы мүмкін өндіріс модернизациясы туралы жоспарларын айтқан.
- Жаппай модернизациялау еңбек нарығында өзгерістерге соқтырады. Біз бұған дайын болуымыз керек,-деді Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов. – Бүгінгі күнде өңірімізде жүйе құраушы кәсіпорындармен Жол карталарын жасау бойынша жұмыс басталды. Жұмыскерлер босатылған немесе қосымша қажеттіліктер туындаған жағдайда бірлескен іс-әрекеттер талқылануда. Осы жұмыстарды ұйымдастыру үшін өңірлік штаб құрылды.
Еңбек министрінің сөзінше, бұл аталмыш мәселеге қатысты аймақтың ірі компаниялары өкілдерімен болып отырған үшінші кездесу. Алдыңғы екеуі Астанада өткен.
- Меніңше, нәтиже жақсы. «АрселорМиттал Теміртау» бойынша ешқандайда қысқартулар болмайды,- деді Тамара Дүйсенова журналистерге берген сұхбатында. – Бір айтарым, 2050-ші жылға дейін компанияның 6000 жұмыскері зейнет жасына жетеді. Бүгін біз олардың қандай маман екендерін және олардың орны қалай толтырылатыны жөнінде сөйлестік. «АрселорМиттал Теміртау» өзіне мамандарды даярлау үшін өз басқаруына үш колледжді Қарағандыда, Балқашта және Қаражалда алмақ ниетте. Компания аталмыш колледждердің материалды-техникалық базасын жақсарту үшін 60 млн теңгеге жуық қаржы салуға дайын.
Қазақмыс бойынша 1000 жуық адам қысқаруы мүмкін.
- Көбіне бұлар әкімшілік-басқарма қызметкерлері. Жұмыстан босату кезеңмен жүргізіледі,-деп түсіндірді Тамара Дүйсенова. – Бірнеше нұсқа қаралуда: компанияда жұмыстарын жалғастыру үшін мамандарды қайта даярлау және оқыту; тектес кәсіпорындарға ауыстыру; Қазақстан бойынша басқа салаларға ауыстыру.
Екі жүйе құраушы компанияда желтоқсан айының ортасына дейін аймақтық штабқа Жол карталарының нақты нұсқаларын ұсынулары тиіс.
Сонымен қатар Евразиялық топ (ERG) кәсіпорындарындағы еңбек ресурстарыда басшылықтың назарында болады. «Шұбаркөл көмір» АҚ жетекшілерінің мәліметінше, кәсіпорындарда жаңа технологияларды қолдану үшін қосымша жұмыс күші – 700 жуық адам қажет. Мемлекет кадрларды даярлауда көмектеседі.
Тамара Дүйсенова Жол карталарын іске асыру аймақта бұл бағыттағы маңызды мәселелерді шешуге ықпал етеріне сенім білдірді.
- Жол картасы бірінше кезекте олар үшін жаңғыртулар нәтижесінде туындайтын әлеуметтік қатерлерден қорғайтын жақсы құрал болады деп санаймын. Мемлекет орталық және жергілікті деңгейлерде қысқартулар және кадрларға қосымша қажеттіліктер болған жағдайларда қолдау көрсетуге дайын, - деп санайды еңбек министрі. – Ең бастысы – бүгінде біз аймақ кәсіпорындарында жұмыскерлердің жұмыстан босатылып жатқанына қатысты ауқымды мәселелерді көріп отырған жоқпыз.

 


Вернуться назад


Аймақтың барлық жаңалықтары karaganda-region.kzсайтында

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 0°C , ылғал 44%, қысым 728, жел 3 м/с

Валюта бағамдары

USD 331.00
Euro 390.32
Рубль 5.59

Дауыс беру

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2017 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2017 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары