www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар

Облыс жаңалықтары

14 Қыркүйек 2017
Қарағандыда бес мектеп энергия тиімділігін жоғарылату жобасы бойынша жаңғыртудан өтті

Қарағанды қаласына Қазақстандағы Дүниежүзілік банк, ҚР Инвестициялар және даму бойынша министрлігінің, «ҚазақЭнергоСараптама» электр энергетикасын және энергия үнемдеуді дамыту институтының өкілдері келіп қайтты. Қонақтардың қатысуымен «Қазақстанда энергия тиімділігін жоғарылату» жобасы аясында жаңғырудан өткен білім нысандарымен танысу шарасы өтті.
Қарағандының бес мектебі: Октябрь ауданындағы - №17, 82, Қазыбек би ауданындағы - №23, 66, 101 Халықаралық қайта қалыпқа келтіру және даму банкінің жалпы сомасы 317 млн теңгені құраған гранттарын ұтып алды. Қаражат «Қазақстанда энегрия тиімділігін жоғарылату» жобасы бойынша бөлінген. Байқауды Астана қаласындағы Электр энергетикасын және энергия үнемдеуді дамыту институты өткізген болатын. Мектептерді энергоаудит бойынша іріктеген. Республика бойынша берілген жеті гранттың бесеуі Қарағандыға бұйырды.
Мектептерде шатырлар жөнделіп, термореттейтін жылу жүйесінің датчиктері және автоматтандырылған жылу бекеттері орнатылған, терезелер, есіктер және жарық жүйелері ауыстырылған. Сонымен қатар су құбырының шүмектері сенсорлық араластырғыштарға ауыстырылып, қас беттегі тетіктер бітелген.
- Экономикалық бәсекеге қабілеттілік, қоғамдық денсаулық сақтау және қоршаған ортаның тұрғысынан жоғарғы энергия жұмсалу еліміз үшін үлкен шығындар алып келеді. Осы жоба арқылы тиімді жаңғырту муниципалитетке көміртектің шығарылуының азаюына байланысты, ауаны тазартуға, сондай-ақ электр энергиясының шығындарын төмендету арқылы бюджетті үнемдеуге болатынын дәлелдегіміз келеді, - деді Қазақстандағы Дүниежүзілік банктің тұрақты өкілі Ато Браун.
Жобаны жүзеге асыра отырып, 7000-нан астам мектеп оқушылары мен қызметкерлеріне анағұрлым жайлы шарттар жасалғаны анықталған.
Қала әкімдігінде өткен кездесуде жоба қорытындыланып, энергия тиімділігі мәселелері талқыланды. Екі жақ келешекте ынтымақтастықты жалғастыруды жалғастырмақ.
Стратегиялық инвесторларды энегия тиімділік секторына жұмылдыру бойынша Үкіметтің бастамасын қолдай отырып жуырда келесі раунд жарияланған. Онда «МЖС - ЭҚКО» (энерго қызмет көрсету компаниялары) пилоттық үлгісі бойынша өтінімдер қарастырылған.
Фото Қарағанды әкімдігінің сайтынан алынған.
 


Вернуться назад


Аймақтың барлық жаңалықтары karaganda-region.kzсайтында

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр 12°C , ылғал 67%, қысым 715, жел 5 м/с

Валюта бағамдары

USD 340.35
Euro 405.46
Рубль 5.87

Дауыс беру

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2017 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2017 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары