www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар

Облыс жаңалықтары

14 Қыркүйек 2017
Облыс әкіміне Құрылысшылар даңғылы бойындағы жылу магистралін қайта қалыпқа келтіру бойынша жұмыстардың барысы туралы мәлімделді

Құрылысшлар даңғылы бойындағы жылу магистралі осы жазда жөнделе бастады. Әу бастан-ақ барлық жұмыстар, жоспарланғандай дұрыс басталмады: мердігерлер арасында сот дауы туындағандықтан жұмыстың басталуы кейінге шегерілді. Материалдарды жеткізушімен де келесімшарт осы себеппен 10-шы тамызда ғана орнатылды. Сол уақыт аралығында жеткізудің бір топтамасы кешіктірілді. Дегенмен бұл құбырларға 1-ші қазанда ыстық су жіберілуі тиіс.

Проблемалық нысанды облыс әкімі Ерлан Қошанов өзі көріп қайтты. Ол материал жеткізумен айналысатын «Изоплюс Орталық Азия» компаниясынан бұл мәселені түсіндіруін талап етті.

- Ия, бір рет біз материалдардың жеткізуін кешіктірдік, - деп ақталды кәсіпорын басшысы Леонард Штайн. – Ол біздің Ресейдегі жеткізушілеріміз уақытша сатылымдарын тоқтатуына байланысты болды. Құбырларды біз солардан сатып аламыз, ал оны оқшаулау, қаптаумен өзіміз айналысамыз. Бізде шикізат болмағандықтан, мердігер компанияға материал жеткізе алмадық.

Бүгінгі күні бұл мәселе шешілген: құбырлардың бір топтамасын 13-ші қыркүйекте жеткізген, соңғы топтамасы  20-ші қыркүйекте алып келінеді.
Жұмыс мерзіміне келер болсақ, мердігер-фирманың бас директоры Әсет Мұқаев аймақ басшысына жаңа құбырларға 1-ші қазанда ыстық су жіберілетінін айтып, уәде берді. Жылу магистралінің бұл бөлігіне 144 тұрғын үй қосылған. Келесі жылы бұл жүйеге ҚарМУ мен 30-шы ықшам ауданындағы жаңа мектеп қосылуы мүмкін.


Жөндеу жұмыстарын толық аяқтау қарашаның соңына қарай жоспарланып отыр. Сол уақытқа дейін мердігер қайтадан топырақты сеуіп, асфальт қаптамасын төсеуі тиіс. Айта кету керек, келесі жылы Құрылысшылар даңғылындағы жолдарға күрделі жөндеу жасау қарастырылған.

Сонымен қатар Ерлан Қошанов Гоголь, Төлепов, Сатыбалдин, Ғазалиев және Ержанов көшелеріндегі жөндеу жұмыстарының қарқынымен танысып қайтты. Облыс әкімі музыкалық комедия театрының алдындағы жаңа саябақты, Мұқанов көшесі мен Құрылысшылар даңғылының қиылысындағы шағын гүл бағын, сондай-ақ Құрылысшылар даңғылы бойындағы 19-шы үйдің абаттандырылған ауласын аралап шықты.

Аралаудың соңғы нүктесі Орталық мәдениет және демалыс саябағы болды. Биылғы жылы оның Ержанов көшесі жанындағы шығыс бөлігі абаттандырылды. Осы аптада мұнда әзірбайжандық ақ жарлауықтан жасалған ұстынтізбек орнатылады. Күздің соңына дейін саябақтың 11 гектардан астам аумағы абаттандырылып, үш жүз ағаш көшеттері отырғызылады деп жоспарлануда. Ал велосипедшілер үшін арнайы жол салынады.


Саябақты қалпына келтіру жобасы үш жылға шақталған. Бұл уақыт аралығында саябақ аумағының 36,5 га жері абаттандырылады. Жобаның құны - 1,5 млрд. теңге. Биылғы жылы 503,1 млн теңге жұмсалады.
Бұл аумақты толықтай тек келесі жылы ғана қалыпқа келтіреді. 2019-шы жылы 36 гектар жер мен 2,5 шақырым жаяу жүргіншілер жолы әрлендіріледі. Оған 503 млн теңге қарастырылған.
 


Вернуться назад


Аймақтың барлық жаңалықтары karaganda-region.kzсайтында

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 0°C , ылғал 44%, қысым 728, жел 3 м/с

Валюта бағамдары

USD 331.00
Euro 390.32
Рубль 5.59

Дауыс беру

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2017 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2017 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары