www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар

Облыс жаңалықтары

12 Қыркүйек 2017
Ерлан Қошанов «Тіл жанашыры» сыйақысын табыстады

Бүгін Қарағандыда Достық үйінде облыс әкімінің «Тіл жанашыры» сыйақысын табыстау рәсімі өтті. Бұл марапат мемлекеттік тілдің дамуына қосқан үлес үшін беріледі.

Сайыс ұйымдар мен мекемелер қырметкерлері, мемлекеттік қызметкерлер, журналистер мен жастар арасында өтеді. Биыл 7 номинация бойынша 200 жуық адам бақтарын сынады.Ұйымдастырушылар үш жаңа номинация қосқан: «Тіл білгірі», «Жас полиглот» және «Мемлекеттік тіл бизнесте».

- Тілдер күні тек Қазақстанда ғана тойланады, күллі әлемде мұндай күн жоқ. Бұл тіл саясатының еліміз үшін қаншалықты маңызды екенін айғақтайды. Жыл сайын жастар арасында тілге деген қызығушылықтың артуы қуантады. Елбасы бір сөзінде: «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» - деген еді. Мен болашақ жастардың қолында екеніне қуанамын, - деді Ерлан Қошанов марапаттау рәсімінде.

Алты лауреат 300 мың теңге көлеміндегі сыйақыға ие болды. Бас жүлде «Тіл майталманы» номинациясының көлемі 1 млн теңгені құрады.
Облыс әкімінің «Тіл жанашыры» сыйақысы жыл сайын Қазақстан халықтарының тілдері күні қарсаңында табысталады.

Жеңімпаздар тізімі мынадай:

«Тіл майталманы» - Ерсін Мұсабеков, облыстық «Орталық Қазақстан» газеті бас редакторының орынбасары;
«Мемлекеттік тіл - мемлекеттік қызметте» - Динар Жумагельдина, Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тіл маманы;
«Тіл жаршысы» - Нина Крамер, «Индустриальная Караганда» облыстық газетінің тілшісі;
«Үздік телехабар» - Руслан Тұрсынғалиев, «Qazaqstan» ұлттық арнасының облыс бойынша меншікті тілшісі;
«Тіл білгірі» - Анастасия Бережнова, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің студенті;
«Жас полиглот» - Ерболат Мукарам, коммерциялық авиация пилоты;
«Мемлекеттік тіл бизнесте» - Венера Исина, «Нұрәсем» сән үйінің бас директоры.
 


Вернуться назад


Аймақтың барлық жаңалықтары karaganda-region.kzсайтында

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 2°C , ылғал 36%, қысым 714, жел 1 м/с

Валюта бағамдары

USD 330.39
Euro 392.04
Рубль 5.65

Дауыс беру

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2017 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2017 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары