www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар

Облыс жаңалықтары

12 Қыркүйек 2017
Қарағандыда тегін дәрілердің қосымша партиясы сатып алынады

Қарағандыда жеңілдікпен берілетін дәрілер жетіспеушілігі шешіледі. Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен аппараттық отырыста Облыстық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Ержан Нұрлыбаев мәлім етті.

- Дәрі-дәрмектерді сатып алу бойынша үнемдеу есебінен біз 383 млн теңгені сақтап қалдық, - деді ол. - Бұл мәселені біз Денсаулық сақтау министрлігімен талқыладық. Қазір біз бұл қаражатты бүгінде аса қиын болып тұрған мәселе диабетке қасы дәрілерді сатып алу үшін бөліп жатырмыз. Онан соң ағзаларды ауыстыруда қажетті дәрілерді сатып аламыз, себебі ондай дәрілерді үнемі қабылдауы керек науқастар саны артуда. Қалған қаражатты біз ревматозды артрит, Крон ауруы, ишемиялық аурулар, жоғарғы қан қысымы мен аритмияға қарсы препараттарды сатып алу үшін жұмсамақпыз.

Дәрілердің жаңа партиясы қазан айының басында түседі.

Облыс әкімі Ерлан Қошанов Денсаулық сақтау басқармасына коммерциялық дәріханалардағы дәрілік препараттарға мониторинг жүргізуді, және де облыста қосымша әлеуметтік дәріханаларды ашу мәселесін қарастыруды тапсырды.
 


Вернуться назад


Аймақтың барлық жаңалықтары karaganda-region.kzсайтында

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 2°C , ылғал 36%, қысым 714, жел 1 м/с

Валюта бағамдары

USD 330.39
Euro 392.04
Рубль 5.65

Дауыс беру

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2017 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2017 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары