www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар

Облыс жаңалықтары

11 Қыркүйек 2017
Қарағандыда қазан айында қаланың Солтүстік және Шығыс айналып өту жолдарының құрылысы басталады

Ол жайлы облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиналыс барысында мәлім болды. Айналып өту жол учаскілерінің жобалық-сметалық құжаты мемлекеттік сараптамадан өтті. Ұзындығы 49 шақырымды құрайтын трассаның құрылысына 46 млрд теңге жұмсалады деп жоспарлануда. Қаражат республикалық бюджеттен бөлінеді.
Айналып өту жолының жаңа учаскілері транзиттік көліктерге Қарағанды қаласын шаһар көшелеріне кірмей, айналып өтіп кетуге мүмкіндік береді. Тәулігіне облыс орталығынан шамамен 22 мың автокөлік өтеді. Қарағандының Солтүстік айналма жолы «Орталық-Оңтүстік» көліктік өткелін қайта қалпына келтіру шеңберінде Сұрыптау станциясы арқылы өтетін болады. Ал Шығыс айналма жолы Қарқаралы жол айырығынан басталып, ЕЭА, Үштөбе кенті арқылы өтіп, Алматы трассасына қосылады. 6-шы қыркүйекте потенциалды мердігерлер өтінімдерін ашу рәсімі өтті. Жол төрт бөлікке бөлінген, әр учаскіні бөлек құрылыс компаниялары салатын болады. Байқауға 14 фирма қатысты. Жеңімпаздар 20-шы қыркүйекте, байқау қорытындысы жасалған соң белгілі болады.
Жаңа автожолдың құрылысы 2017-ші жылдың қазан айында басталады да, 2019-шы аяқталуы тиіс.
Аппараттық жиналыста сонымен қатар республикалық маңызы бар жолдың жөнделуі де талқыланды. Барлық жұмыстар жоспар бйынша жүргізілуде деп сендірді «ҚазАвтоЖол» филиалының басшысы.
Астана-Теміртау трассасын қайта қалыпқа келтіру жұмыстары аяқталды, жол қолданысқа енгізілген. Ал Теміртау-Қарағанды бағытын жөндеуді аяқтау үшін әлі 13,5 шақырым жолға бетон құю қажет. Оны жүзеге асырушы мердігер компания – оңтүстік-корейлік «Сондо» фирмасы. Ол 12-ші қыркүйекте жұмысқа кіріседі.
Барлық бағыттардағы орташа жөндеу жұмыстары 20-шы қыркүйекте аяқталуы тиіс. Ал жол жиектеріндегі жұмыстар қазан айында бітеді деп жоспарлануда.
 


Вернуться назад


Аймақтың барлық жаңалықтары karaganda-region.kzсайтында

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 2°C , ылғал 36%, қысым 714, жел 1 м/с

Валюта бағамдары

USD 330.39
Euro 392.04
Рубль 5.65

Дауыс беру

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2017 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2017 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары