www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар

Облыс жаңалықтары

15 Шілде 2017
Қарағанды облысында еліміз бойынша алғашқы көмірқышқыл зертханасы ашылды

 Қарағанды облысының Нұра ауданында «Шұбаркөл Премиум» көмір разрезінде көмірқышқыл зертханасының ашылу салтанаты өтті. Әзірге елімізде бұл жалғыз ғана осы секілді мекеме.
Бұл жоба - SGS компаниясының аймағымыздағы ірі көмір шығарушы кәсіпорынымен серіктестігінің нәтижесі. «Шұбаркөл Премиум» разрезі зертхананың құрылысына қажетті алаң ұсынды.
- Бұл біздің Қазақстан аумағындағы алғашқы SGS көмірқышқыл зертханамыз. SGS – әлем бойынша көмірді инспекциялау және сертификаттау саласында қызмет көрсететін ғаламдық компания. Зертхананың ашылуы «Шұбаркөл Премиум» кәсіпорнына өзінің клиенттік базасын ұлғайтуға және экспорттық нарықтарға шығуға зор мүмкіндік береді. Біз нәтижелі серіктестік орнайтынына үміттіміз. Барлық әлемдік трейдтер біздің сертификаттарымызды қабылдайды және шығарылатын өнімнің сапасына сенімді бола алады, - деді Минералды шикізат департаментінің жетекшісі Алексей Зотов ашылу салтанатында.
Осыған дейін көмірді ресейлік Новокузнецк қаласына тасымалдау керек болатын. Енді ол сараптамаларды жергілікті жасау мүмкіндігі туды. Зертхана базасында көмір шығаратын кәсіпорындарға халықаралық үлгідегі сапа сертификаты берілетін болады.
- SGS компаниясымен бізді ұзақ серіктестік қарым-қатынас байланыстырады. Бүгінгі шара қарапайым зертхананың ашылуы секілді қатардағы оқиға емес. Бұл Біздің «Шұбаркөл Премиум» компаниямыздың үлкен қадамы. Біз жас компаниямыз, алайда тез дамып келеміз. SGS-тің көмір өнімдерінің сапа басқару тәжірибесін ескерсек, дәл біздің көмірдің тек Қазақстанның ғана емес, Ресей нарығына да шығатынына үміттенеміз, - деді «Шұбаркөл Премиум» көмір разрезінің бас директор орынбасары Александр Лонтковский.
Қазіргі таңда көмірқышқыл зертхана алты түрлі зерттеулер жүргізеді:
күкірт құрамын Эшка әдісі бойынша анықтау;
күл құрамын анықтау;
ұшпа заттардың шығуын анықтау;
жалпы ылғал құрамын анықтау;
отынның жануының ең төменгі және ең жоғарғы жылулығын анықтау;
електік талдау жүргізу;
Келешекте қызмет түрлерін кеңейту көзделуде. Зертхана аттестациядан өтуі тиіс. Барлық кәсіпорындар көмірлерін осында сараптамаға тапсыра алады.
SGS компаниясы – инспекциялық қызмет, сараптама, сынау және сертификаттау саласындағы әлемдік көшбасшы. Дүние жүзі бойынша SGS-дің 2000-нан астам кеңселері мен зертханалары жұмыс істейді. Оларда 90 мыңнан астам адам жұмыс атқарады.
«Шұбаркөл Премиум» ЖШС 2016-шы жылдың ақпанында іске қосылды. Кәсіпорын Шұбаркөл көмір кен орнында жұмыс істейді. Жобалық қуаттылығы – жылына 7,5 млн тонна жоғары сапалы сұрыпты көмір шығару. Шығарылатын өнім халықтың тұрмыстық қажеттіліктеріне, қабатты және күл тектес жағу, құрылыс материалдарын (кірпіш, цемент, әк) өндіруде пайдаланылады.


Вернуться назад


Аймақтың барлық жаңалықтары karaganda-region.kzсайтында

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық -1°C , ылғал 36%, қысым 720, жел 2 м/с

Валюта бағамдары

USD 330.22
Euro 388.07
Рубль 5.60

Дауыс беру

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2017 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2017 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары