www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Облыс жаңалықтары

09 Қаңтар 2019
Ерлан Қошанов шағын қалаларда құзырет орталықтарын құруды тапсырды

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов Қарағанды жоғары политехникалық колледжінде ашылған құзырет орталығының жұмысымен танысып қайтты.
Бұл аймағымыздағы алғашқы Тау-кен өндіру өнеркәсібі бойынша аймақаралық құзырет орталығы. Аталмыш алаң білім беру саласының мамандары мен жоғары білікті жұмыс кадрларын даярлайтын жұмыс берушілердің басын біріктіреді. Орталық «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы ұсынған заманауи құрылғылармен жабдықталған.
- Компаниямен бізде жыл сайын кем дегенде 8-10 жоғары деңгейлі мамандарды шығаратынымыз туралы келісімшарт жасалған. Ең бірінші кезекте біз үлгерімі жоғары ең үздік студенттерді таңдап аламыз, олармен біз осы зертханаларда аптасына кем дегенде 6-8 сағат қосымша дәрістер өткіземіз. Бұл өз кезегінде қазіргі таңда шахталарда орнатылып жатқан қазіргі заманғы құралдармен жұмыс істеуде икемдерін арттыруға мүмкіндік береді. Құзырет орталығында дәріс алатын студенттер міндетті түрде «АрселорМиттал Теміртауға» жұмысқа тұрғызылады. Оларға осындай мамандар қажет, себебі жаңа жабдықтар алып, өндірістерін жаңғыртуда, жәнеде оларға сол құрылғылармен жұмыс істей алатын қызметкерлер қажет, - дейді колледждің арнайы пәндер ұстазы Гүлнәр Садықова.
Жаңа бөлімшенің жұмысымен Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов танысып шықты.
- Елбасы әрдайым білім беру сапасына және студенттердің жұмысқа орналасуына ерекше назар аударады. Бұл құзырет орталығы индустрия 4.0-ге ауысуға қатысты барлық қазіргі заманғы талаптарға сай келеді. Осындай орталықтардың арқасында жастар жұмыскер мамандықтарын меңгеріп, сұранысқа ие және бәсекеге қабілетті болады. Дәл осындай орталықтарды цифрлық және ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы шартында бәсекеге қабілетті жастарды қалыптастыру қажеттілігі туралы Елбасының тапсырмасын орындау аясында шағын қалаларда да құру керек, - деп атап өтті ол.
Құзырет орталығы бірнеше аумақтардан құралады: мехатроника, робототехника, инженерлік графика. Оқу құрылғылары жаңғыртылған өдіріс ошақтарында қолданатын жабдықтарға ұқсас.
Мұнда студенттер цифрлау технологиялары бар заманауи кәсіпорындардың ортасында жүргендей сезініп, автоматтандыру процесстерін меңгереді. Болашақ жұмыс мамандары цифрлық 3D-модельдеу, бағдарламалау және өнеркәсіптік роботтармен жұмыс істеуді үйренеді.
- Қазір барлық кәсіпорындар индустрия 4.0-ге ауысуға тырысып жатыр. Алайда осы салада жұмыс істей алатын кадрлар өте аз. Егере құрал-жабдықтарды біз шет елден ала алатын болсақ, кадрларды өзіміз дайындаумыз қажет. Бізде осындай екі орталық болады: біреуі осында, ал екіншісі құрылыс колледжінің базасында, - деп атап өтті Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Алмас Айдаров.
Орталықта командарлардың WorldSkills кәсіби шеберлік ұлттық және халықаралық чемпионатына дайындалуына арналған полигондар жабдықталған.
Қарағанды облысында осы секілді Құзырет орталықтарының желесін құру жоспарланып отыр. Бұл алаңдар ең алдымен бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауға арналған инновациялық кластер болады. Тағы бір маңызды құраушы – жұмыс мамандықтарының беделін арттыру.
Қарағанды жоғары политехникалық колледжі 20 мамандық бойынша жұмыс кадрларын даярлайды. Білім ордасы алғашқылардың бірі болып дуалды білім беру жүйесін енгізген болатын – ол осымен сегізінші жыл жұмыс істеп келеді. Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында колледж келесі әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға қатысуда: «Серпін - 2050» «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!», «Тегін ТжКБ барлығына». Студенттер үшін IT-орталықтар, құрастыр бюросы, бизнес-мектеп, энергопарк ұйымдастырылған.
Ерлан Қошанов сондай-ақ құзырет орталықтарына ауылдық жастарды да жұмылдыруды тапсырды.
 


Вернуться назад


Аймақтың барлық жаңалықтары karaganda-region.kzсайтында

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 1°C , ылғал 88%, қысым 714, жел 4 м/с

Валюта бағамдары

USD 378.66
Euro 431.56
Рубль 5.70

Дауыс беру

VI шақырылым депутаттарының қызметімен Сіз қанағаттанасыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары