www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Облыс жаңалықтары

09 Қараша 2018
Қарағандыда кәріз жүйесін ауыстыру бойынша ауқымды жұмыстар жоспарланып отыр

Қарағандыда кәріз жүйелерін қалыпқа келтіру бойынша ауқымды жұмыстар жоспарланып отыр. Осы, сонымен қатар ауылдардағы сумен қамту мәселесі және облыс орталығындағы ауыз су сапасы туралы Қарағанды облыстық Энергетика және ТКШ басқармасының жетекшісі Ұлантай Үсенов айтып берді.
- Өткен жылы сіздердің басқарманың қызметкерлері Қарағандыдағы кәріз жүйесінің тозғаны туралы мәселе қозғаған болатын. Оларды ауыстыру немесе жөндеу жоспарда бар ма?
– Кәріз жүйесі – біздің басты қиындығымыз, оны ауыстыру – өте қымбатқа соғады. Биылғы жылы біз осыдан үш жыл бұрын бастаған 10-шы коллектордың 17 шақырым желісін жөндеуді аяқтағалы жатырмыз. Көгілдір тоған ықшам ауданынан бастап Федоровкаға дейін қалыпқа келтіру жұмыстарын өткізудеміз. Қазір жөндеу бригадасы сорғыш құрылғыларын ауыстырумен айналысып жатыр. Кәрізге қатысты проблемалар «Березка» санаторийінің маңында да бар, біз ол туралы білеміз, оларды шешу үшін қыруар қаражат қажет. Қазір «Қарағанды Су» жобалық-сметалық құжаттарды дайындап жатыр. Ол дайын болған бетте, «Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша өтініш береміз. Шағын аудандағы кәріз жүйесін толықтай ауыстыратын боламыз. Ол жұмысты бөліп-жарып істеуден пайда жоқ. Себебі құбырлар қатты тозған. Сондай-ақ проблемалар Михайловкада да бар. Онда біз бірінші кезекте су таратқыш салғымыз келеді, қазіргі таңда ол – осы аудандағы сумен қамтуға қатысты мәселелерінің басты себебі болып отыр. Ақтасқа дейін созылатын, ұзындығы 4 шақырым бұл су тартқышты келесі жылы сала бастаймыз. Жоба құны – 2 млрд теңгеден асады. Бюджеттік өтінім құпталды. Су таратқышты жол жабындарын қалыпта сақтап қалу үшін, тігінен бұрғылау әдісі арқылы саламыз.
- Қала тұрғындары ыстық судың сапасына қатысты шағымдануда – түсі сарғыш және жағымсыз иісі бар. Оның себебі неде және бұл мәселе қалай шешіліп жатыр?
- Ыстық судың сапасына қатысты наразылықтар бар, біз олар туралы білеміз. Жыл сайын біз желілерді тазартып, қысым арқылы тексереміз. Биылғы жылы бес миллиард теңгеге жуық қаражатты «Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша жылу желілерін ауыстыруға жұмсадық – бұл Қарағанды үшін үлкен сома. Аталмыш жұмыс тұрғын үйлерге берілетін ыстық судың сапасын жақсартуға бағытталған. Егер суда жағымсыз иіс және қоспалар болса, облыс әкімдігінің диспетчерлік қызметіне 50-20-74 нөмірі бойынша тәулік бойы хабарласуға болады. Тот басқан иісі бар судың шығу себебі үйлерде қысыммен тексеру дұрыс жасалмағандығымен түсіндіріледі. Өткен жылдан құбырларда тұрып қалған су қалып қоюы мүмкін. Әр шағым бойынша біз жағдайды зерттеп, олқылықтарды жоямыз. Пәтер иелері кооперативі кінәлі болуы мүмкін, немесе «Теплотранзит» тарапынан сапасыз тазарту болуы мүмкін – не де болса, ол қателікті жібергендер олқылықты жоюлары тиіс. Биылғы жылы Қарағандыда жылыту маусымының басында сапасыз ыстық суға қатысты шағымдар түскен. Бірақ олардың барлығы маусым басталған уақыттан кейін бес күн аралығында түскен, ол кезде құбырларды тазарту әлі де жалғасып жатты. Жезқазғанда да наразылықтар болды, бірақ өткен жылмен салыстырғанда азырақ. Біз барлығын шештік, қазір шағымдар жоқ.
- Ауылдық жерлерде сумен қамту мәселесі қандай? Проблемалар бар ма?
- Біздің облыс үлкен: 421 елді мекен бар. Оның 233-де оралықтандырылған сумен қамту жүйесі орнатылған. 50 адамнан аз тұрғындары бар елді мекендер бар – ол станциялар, қыстақтар, разъездер. Ол жерлерге су тасымалданады. Сумен қамтуға қатысты Қаражал мен Жәйремде қиындықтар болатын. 2010 жылдан бастап онда су таратқыш салу бойынша жоба құрылды, осы жылдың маусымынан бастап ол қолданысқа берілді. Бұрындары су уақытымен беріліп отырса, қазіргі таңда ол елді мекендерде ауыз су тәулігіне 24 сағат беріледі. Белгілі-бір уақытпен су беру Балқаш маңында, Саяқта қалып отыр. Онда су тәулігіне 4-5 сағат, 153 шақырым қашықтықтағы сыйымдылықтардан жіберіліп отырады. Осындай жағдай сақталып отырған бұл жалғыз ғана кент. Өткен жылы біз геологиялық барлау жұмыстарын жүргіздік. Кентке ең жақын өзен 160 шақырым қашықтықта орналасқан, сондықтан суды жер астынан іздедік. Қайнар көзді 200 метр тереңдіктен таптық, кенттен 15 шақырым қашықтықта. Бұл жобаға ЖСҚ дайындадық, құжаттарды мемлекеттік сараптамаға жібердік. Биылғы жылы оң шешім алып, байқау процедураларын бастаймыз деп үміттеніп отырмыз. Жобаның алдын ала болжалды құны – 919 миллион теңге. Бұл сомаға ұңғымлар қазу, су тазартқыш станциялар және су бөгетін салу кіреді.
 


Вернуться назад


Аймақтың барлық жаңалықтары karaganda-region.kzсайтында

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық -6°C , ылғал 65%, қысым 731, жел 2 м/с

Валюта бағамдары

USD 369.01
Euro 416.39
Рубль 5.53

Дауыс беру

VI шақырылым депутаттарының қызметімен Сіз қанағаттанасыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2018 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2018 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары