www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Облыс жаңалықтары

09 Қараша 2018
Экзотика: Қарағандының маңындағы жылыжайларда биыл гуава, құрма, інжірдің өнімділігі жоғары болды

Қарағанды облысының Абай ауданындағы «Топар жылыжайлары» тек өзінің қияр және қызанақтарымен ғана емес, сонымен бірге экзотикалық жемістерімен де танымал. Мұнда 440 түп лимон ағаштары мен оранжерея бар, онда жылу сүйетін түрлі өсімдіктер өседі.
Жылыжайда лимонның екі түрі өсіріледі: «Юбилейный» және «Мейра». Лимонарийдің негізі 2000 жылы қаланды. Ол кезде Өскемен, Мәскеу және Өзбекстаннан көшеттер жеткізілген. Үш жылдан соң алғашқы өнімдер жиналды.
Бүгінгі таңда әрбір лимон ағашынан 100 келіге дейін жеміс жиналады. Бір жылда орташа өнімділік 40 тоннаны құрайды. Жаңа ғана үзілген цитрустар бірден Қарағанды мен Астананың сауда сөрелеріне жеткізіледі.
Жергілікті лимондарды жаңа жылға қарсы сатып алуға болады. Ағаштар қыркүйектен қаңтарға дейін өнім береді. Сонан соң көктемге дейін демалады.
Жылыжайда лимондармен блок бастығының жетекшілігімен екі адам жұмыс істейді: ағаштарды өздері баптап, саты қойым жемістерді қолмен жинайды.
- Ең бастысы – өз ісіңе деген махаббат. Ағаштар адам секілді, күтімді сезінеді, - дейді «Топар жылыжайлары» ЖШС директоры Сұлтан Мұрсәлімов. – Жайлы климат жасау қажет: температура, тыңайтқыштар. Онсыз ешқандай өнім жинай алмайсың.
Жылыжай кешенінің оранжереясына күздің соңы және қыстың басында келген жақсы. Қар мен аяздан соң бірден гүлдер мен жеміс ағаштарына толы жұмаққа түскендей боласың. Бұл экзотика – рухани ләззат алу үшін қажет.
Мұнда мандариндер, апельсиндер, грейпфруттар, анар, папая өсіріледі. Сондай-ақ кофе және зәйтүн ағаштары да бар. Осы көктемде киви отырғызылды. Биылғы жылы гуава, құрма, інжірдің өнімділігі жоғары болды – барлық бұталар жемістерге толы.
 


Вернуться назад


Аймақтың барлық жаңалықтары karaganda-region.kzсайтында

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық -6°C , ылғал 65%, қысым 731, жел 2 м/с

Валюта бағамдары

USD 369.01
Euro 416.39
Рубль 5.53

Дауыс беру

VI шақырылым депутаттарының қызметімен Сіз қанағаттанасыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2018 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2018 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары