www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Облыс жаңалықтары

09 Қараша 2018
Қарағандыда дәрігерлер мен медбикелерге арналған оқу-клиникалық орталық құрылады

Қарағандыда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде қазіргі заманғы Оқу-клиникалық орталық пайда болады. ол дәрігерлер мен медбикелердің біліктілігін арттыру мақсатында құрылады.
Медициналық қызметкерлерді оқыту үшін тұрақты түрде семинарлар, вебинарлар, шеберлік-сыныптары, лекциялар, қашықтықтан оқылатын циклдер мен тәжірибелер өткзіліп отырады. Бұл мақсатта қазақстандық және шет елдік мамандар жұмылдырылады.
- …Бірақ бізде, жұмыс берушілерде осы секілді білім беру шараларына айтарлықтай наразылықтарымыз бар, - дейді Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Ержан Нұрлыбаев. – Себебі медициналық мамандарды оқыту бойынша қызметтерді сатып алу мемлекеттік сатып алулар туралы Заңға сәйкес жүргізіледі. Әдетте, ол қызметтерді анағұрлым төмен баға ұсынатындар ұтып алады. Дегенмен, ол қызмет ұсынушылар қажетті сапа ұсына алмайды. Оларда не қажетті материалдық базасы, не әдістемелік атқарымдар, не оқыту тәжірибесі болмайды.
Ержан Нұрлыбаевтың айтуынша, учаскелік медициналық қызметкерлерді оқытуға жыл сайын 76 млн теңгеден астам қаражат бөлінеді.
- Осының барлығын ескере келе, біз МЖӘ шеңберінде Оқу-клиникалық орталық құру жобасын құруды қолға алдық. Ол үшін жалпы ауданы 800 шаршы метр ғимарат бөлінді. Серіктес – «Астана» Оқу-клиникалық орталығы – оқу орталығын кең көлемдегі құзырлық бойынша қазіргі заманғы симуляциялық құрылғылармен жабдықтау міндетін алып отыр. Симуляторларды жұмыс орындарда мамандардың машықтарын жетілдіру үшін аймақтарға тасымалдауға болады, - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі.
Орталық мамандары қалалар мен аудандарға шыға отырып, әрдайым дәрігерлер мен медбикелерді оқыта алады.
- Осылайша, біз облыс тұрғындары үшін қолжетімді және сапалы медициналық көмекті қамтамасыз ете аламыз, - деп атап өтті Ержан Нұрлыбаев.
 


Вернуться назад


Аймақтың барлық жаңалықтары karaganda-region.kzсайтында

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық -6°C , ылғал 65%, қысым 731, жел 2 м/с

Валюта бағамдары

USD 369.01
Euro 416.39
Рубль 5.53

Дауыс беру

VI шақырылым депутаттарының қызметімен Сіз қанағаттанасыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2018 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2018 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары