www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Облыс жаңалықтары

08 Қараша 2018
Энергетика және ТКШ басқармасының жетекшісі Ұлантай Үсенов: «Барлық апаттық үйлерді жөндеп алуға болады, оларды бұзу міндетті емес»

Аймағымызда тозығы жеткен және апаттық үйлердің мәселесі қалай шешіліп жатыр, ТКШ жаңғырту бағдарламасына не болды және облыстық бюджетте көпқабатты үйлерді жөндеуге қанша қаражат бар екені жайлы Қарағанды облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының жетекшісі Ұлантай Үсенов сұхбат барысында айтып берді.
- Қарағанды облысында қанша тозығы жеткен және апаттық үйлер бар?
- Ескірген үйлер – ол міндетті түрде қолдану мерзімі шыққан үйлер емес екенін түсіну қажет. 30-шы жылдары салынған үйлер бар, алайда олардың жағдайы осы уақытқа дейін жақсы. Жәнеде айтарлықтай жаңа үйлер де бар, бірақ оларды дұрыс күтпегендіктен жағдайы өте нашар. Қарағанды қаласы әкімдігінің мәліметтеріне сай, қаламызда небәрі 11 үй ескірген деп танылған. Ал апаттық үйлерге келер болсақ, облыс бойынша олардың саны 42, ал Қарағандының өз басында тек біреу ғана. Ғимарат құрылысының 60 немесе одан да көп пайызы бұзылған болса ғана үй апаттық деп танылады. Оны көзбен өлшеу мүмкін емес, түбегейлі сараптама жасалады. Ондай жұмысты сәйкесінше лицензиясы бар мамандандырылған ұйымдар жасайды. Сарапшылар қорытынды жасайды және содан соң ғана ғимарат апатты немесе апатты емес деп танылады.
- Егер ғимаратты ескірген немесе апаттық деп таныса, онымен әрі қарай не істейді?
- Ескірген үйлерге келер болсақ: Тұрғын үй қатынастары туралы Заңға сәйкес, әрбір мүлік иесі өз үйінің жағдайын өзі қадағалауы керек. Сондықтан тұрғындар өз үйлерін жөндеулері тиіс. Біз, мемлекеттік атқарушы орган ретінде жөндеу жұмыстарына жәрдемдесе аламыз. Мысалы, Сәтпаевтағы ескірген екі үйді біз ТКШ жаңғырту бағдарламасы бойынша жөндеуден өткіздік. Тұрғындарға жөндеу жұмыстарына несие беріп,жұмыскерлерді ұсындық. Ал апаттық үйлерге келер болсақ, оларды жөндеуге болады, бұзу міндетті емес. Жезқазғанда 35 үй апаттық деп танылған. Оның екеуін биылғы жылы жөндедік. Бұл тәжірибені жалғастыратын боламыз. Қарағандыда бір ғана апаттық үй бар, Ленинградская көшесі 1 мекенжайы бойынша орналасқан. Ол қалқанды ағаш үй, онда 12 пәтер орналасқан. Бір қиындығы – біз пәтер иелерін таба алмай жатырмыз. Қазіргі таңда ол үйде өз бетінше қоныстанған тұрғындар мекендеп жатыр. Үй бұрыннан бері апаттық деп есептеледі, пәтер иелері оны 2000 жылдары тастап кеткен. Ал қазіргі тұрғындар оны жекешелендіре алмай отыр, сеебі үй апатты, сондықтан да реестрде жоқ. Нәтижесінде біз не жөндеу жұмыстарын бастай алмай, не бұза алмай отырмыз.
- Бюджетте ескірген және апаттық үйлерді жөндеуге қажетті қаражат бар ма?
- Жөндеу жұмыстарын біз республикалық бюджеттен үш жыл бұрын берілген қаражатқа ғана жүргізе аламыз. Ол шашамен 90 миллион теңгені құрайтын қайтарымды ақша. Яғни, біз үйді жөндейміз, ал тұрғындар ол қаражатты біртіндеп қайтарып береді. Сонан соң біз тағы бір үйді жөндейміз. Ал қайтармасыз жөндеу жасауға бюджетте қаражат жоқ. Тек егер меценаттар ғана еркін түрде қаражат берсе ғана. Ондай жайттар болған, Мысалы Ақжал кентінде «Nova Цинк» кәсіпорны компания жұмыскерлері тұратын 5 қабатты үйді жөндеуге қаражат бөлген. Тұрғындарды біз уақытша басқа жерлерге қоныстандырдық – туыстарына, мектептен орын таптық, ғимаратты жөндеу кезінде онда ешкім болмауы үшін.
- Қарағанды облысында Алматы мен Астана секілді ескірген тұрғын үйден жаңадан салынған баспанаға көшіру бағдарламасын іске қосу жоспарда бар ма?
- Біз ол жайлы ойладық, алайда бұл бағдарлама бізге жарамайды. Сіздер білесіздер, бұл бағдарлама бойынша ескірген үйлердің орнында жаңа көпқабатты үйлер салынады. Тұрғындарға жаңа үйден эконом санатты тең бағалы пәтерді тегін түрде ұсынады. Осы берілген пәтерлердің құнын басқа да жеңілдіксіз сатылатын пәтерлердің құнын көтеру арқылы ақтап алады. Біздің облыстағы аудандарда бұл бағдарлама жүрмеуші еді, себебі пәтерлердің өзіндік құны жоғары және сатып алу мүмкіндіктер төмен. Ауылдар мен шағын қалаларда адамдар қайталама нарықтағы үйлерді алуды артық көреді. Ал Қарағандыға келер болсақ, біздің барлық 11 ескірген үйлеріміз қала шетінде, инвесторлар қызығушылық танытпайтын жерлерде орналасқан. Ол жерде пәтерлерді ешкім ала қоймайды.
- Қарағандының орталығында қасбеттері тұтастырғыштармен тартылған үйлер көп. Бұл ғимараттар ескірген деп саналмайды ма?
- Тұтастырғыштармен тартылған үйлер – кірпіштен қаланған мықты үйлер, олар ескірген және апаттық үйлер емес. Олар жақсылап салынған, оларда әдетте кіреберістері ұқыпты,барлық коммуникациялары жақсы, элиталы пәтерлер болып саналады. Тұрғындар қасбетті жөндеуге қаражаттарын жұмсағылары келмейді. Біз олармен әңгімелесіп жатырмыз, ТКШ жаңғырту бағдарламасына қатысуды ұсынып отырмыз, бірақ әзірге олар келіспей отыр.
- Айтпақшы, ТКШ жаңғырту бағдарламасы туралы айтар болсақ – соңғы жылдары ол туралы ештеңе естілмейді. Ол әлі де жұмыс істеп жатыр ма?
- Ия, ол әлі де жүзеге асырылуда. 2015 жылғы дағдарысқа байланысты республикалық бюджеттен қаражат бөліну тоқтатылды. 2019 жылы қаржыландыру қайта басталады. Біз Қарағанды облысында 20 үй мен 30 лифтті жөндеу үшін 800 миллион теңге көлемінде бюджеттік өтінім дайындап жатырмыз. 2015 жылдан бастап, үш жыл бойы біздің облыста бағдарлама қайтарымды қаражат есебінен жүріп отырды. Біз жылына 20 үйден жөндеп отыруға тырыстық. Осылайша, Қарқаралыда бір үй, Жаңаарқада бес үй, Балқашта бес үй, Жезқазған мен Сәтпаевта екі үйден жөнделді. Қарағанды және Теміртаудағы көпқабатты үйлерде 10 жаңа лифт орнаттық. Келесі жылы біз 20 үйді жөндеп, 30 лифт жөндеуді жоспарлап отырмыз. Қазір әрбір нысан бойынша смета дайындап жатырмыз.
- Үйлердің тұрғындары бұл бағдарламаға қуана келісе ме?
- Жылдан жылға оған қатысамын деушілер саны артып келеді. Бастапқыда, әрине, адамдар күдікпен қарап, бағдарламаны соңына дейін түсінбей, ақшаны қайтарғылары келмейді. Алайда соңыра бағдарламаның жақсы жақтарын түсінгенде, өз пікірлерін өзгертеді Мысалы, Жаңаарқа ауданының Атасу кентінде 2015 жылы біз тұрғындардың келесімін әрең аылп, бір үйді жөндедік. Біз қасбетті, шатырды, коммуникацияларды және кіреберісті жөндедік. Келесі жылы осы кенттің енді бес үйінің тұрғындары бағдарламаға қатысуға ниет білдірді. Сондай-ақ Қарқаралыда да біз бір үйді қалыпқа келтірдік. Енді келесі жылы өтініштер көбірек болады деген үміттеміз. Саранда бір үйді жөндеп біттік, содан кейін тағы екі үйдің тұрғындары осы бағдарлама арқылы үйлерін жөндеуге ынталанып отыр. Тұрғындар өздері бір-бірлерін үгіттеп, келісімге келіп жатады, оған уақыт қажет, алайда соңында барлығы жұмыстарға қанағаттанады. Айта кету керек, бағдарламаның аумағы кеңейіп келеді – бұрындары оған тек үлкен қалалар келісіп жатса, қазір аудан орталықтары мен шағын қалалар қосылып жатыр.
 


Вернуться назад


Аймақтың барлық жаңалықтары karaganda-region.kzсайтында

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық -6°C , ылғал 65%, қысым 731, жел 2 м/с

Валюта бағамдары

USD 369.01
Euro 416.39
Рубль 5.53

Дауыс беру

VI шақырылым депутаттарының қызметімен Сіз қанағаттанасыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2018 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2018 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары