www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Облыс жаңалықтары

12 Қазан 2018
Қарағандыда сал ауруына шалыққан балаларға арналған футбол мектебі ашылады

Қарағандыда сал ауруына шалдыққан балалар үшін футбол мектебін құру туралы меморандумға қол қойылды.
Келісім алты ведомство арасында жасалды: Қарағанды облыстық білім басқармасы, Дене шынықтыру және спорт басқармасы, «Шахтер» ФК, «Нұр Отан» партиясының Қарағанды облыстық филиалы, Білім министрлігінің дене шынықтыру ғылыми-саяси орталығы және Қазақстан футбол федерациясының бұқаралық футбол департаменті.
- Бұл өте маңызды әлеуметтік жоба, бізге сал ауруына шалдыққан балаларды қолдау қажет. Өкінішке орай, бізде осындай диагнозы бар адамдар көп. Футбол мектебінде сонымен қатар шалғайдағы ауылдардан келген балалар да спортпен шұғылдана алады. Олар Қарағанды техникалық-құрылыс колледжі базасында құрылатын интернатта мекендей алады. Қазіргі таңда онда футбол алаңын салу бойынша құрылыс жұмыстары басталып кетті, - деді Қазақстан футбол федерациясының бұқаралық футбол департаментінің директоры Ерлан Жамантаев.
Футбол мектебі сал ауруына шалдыққан 10 жастан жоғары 70 баланы қабылдай алады. Ерекше балаларға арналған ойын шарттары да өзгеше болады: командалар 7 адамнан құралады, матч 20 минуттық екі таймға бөлінген.
Ерекше балаларға арналған спорт мектебін құру жобасын УЕФА да қолдады. Аталмыш федерацияның мамандары Қарағандыға келіп, «Шахтер» ФК ұсынатын жаттықтырушыларды мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеу шеберлігіне үйретуді жоспарлап отыр.
Келесі жылы Қарағандының футболшылары сал ауруына шалдыққан балалар арасындағы футбол бойынша Әлем чемпионатына қатысады деген жоспар бар.
Бүгінгі таңда осындай мектеп Алматы қаласында жұмыс істейді. Оны ағымдағы жылдың мамырында ашқан. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Қазақстан футбол Федерациясы сал ауруына шалдыққан балалар арасындағы Халықаралық футбол Федерациясына еніп, бірінші чемпионатын өткізген болатын. Қазанның 1-і мен 5-і аралығында өткен биылғы жылғы чемпионатқа Алматы спорт мектебінің тәрбиеленушілері қатысып үлгерді.
 


Вернуться назад


Аймақтың барлық жаңалықтары karaganda-region.kzсайтында

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр 5°C , ылғал 56%, қысым 717, жел 6 м/с

Валюта бағамдары

USD 366.43
Euro 420.11
Рубль 5.58

Дауыс беру

VI шақырылым депутаттарының қызметімен Сіз қанағаттанасыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2018 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2018 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары