www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Облыс жаңалықтары

12 Қазан 2018
ҚарМУ-де латиницадағы сауатты жазу ережелері талқылануда

Бүгін ҚарМУ-де«Жаңа қазақ әліпбиі және графика мәселесі» атты республикалық семинар өтті. Шара латын графикасына көшу және сауатты жазу ережелеріне арналды.

- Біздің университетте 2017-ші жылдың желтоқсанында қазақ жазбасын латын графикасына аудару бойынша арнайы орталық құрылған болатын. Академиялық қоғамдастыққа ауқымды жұмыстар атқару қажет болады. Себебі біздің ғана университеттің кітап қорында 1 млн 800 мың басылым бар. Біздің қызметкерлер кирилицадан латиницаға аударма жасайтын арнайы компьютерлік бағдарлама құрастырды, оған авторлық куәлік алды. Бір минутта бағдарлама шамамен 100 бетке дейін мәтінді аудара алады. Бұған қоса, біздің Орталық ұстаздарды оқытумен айналысады, - деді Е.А Бөкетов атындағы ҚарМУ бірінші проректоры Рымбек Жұмашев.

Семинарға Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл қазына» ұлттық ғылыми-тәжірибелік орталықтың орфография бөлімінің жетекшісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Құралай Күдерінова, А. Байтұрсынов атындағы «Тіл білімі» институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор Әлімхан Жүнісбек, «Тіл қазына» ұлттық ғылыми-тәжірибелік орталықтың атқарушы директоры, филология ғылымдарының докторы Ербол Тілешов, сондай-ақ Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-нің профессорлық-ұстаздық құрамы, студенттер, магистранттар, облыстың білім ұйымдарының өкілдері қатысты.
Латын графикасындағы сауатты жазу жаңа ережелері еліміз бойынша талқылануда. Филолог ғалымдар сарапшылардың, тәуелсіз талдаушылардың, қарапайым қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімдерінің пікірлерін ескеріп жатыр.
- Латын графикасындағы сауатты жазу ережелері «Тіл білімі» институтында құрастырылған. Оларды ағымдағы жылдың басында дайындаған. Маусымда ұлттық комиссия жанындағы орфография бойынша жұмыс тобына ұсынып, еліміздегі ЖОО-ның тілдер кафедраларына таратып берген, - дейді «Тіл қазына» ұлттық ғылыми-тәжірибелік орталықтың орфография бөлімінің жетекшісі Құралай Күдерінова. – Төрт ай аралығында сарапшылар сауалнама жүргізіп, нәтижелерді сараптап, тәуелсіз талдаушылардың пікірлерін тыңдауда. Барлық облыстарда семинарлар ұйымдастырылып жатыр, онда латын графикасының жазу сауаттылығы талқыланады. Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімдерімен, бастауыш сынып мұғалімдерімен кездесулер өткізілуде.
Профессор Құралай Күдерінованың айтуынша, латын әліпбиіне көшу көптеген сұрақтар туындатып жатыр. Латын графикасының кейбір әріптерін өзгеру ұсынылып жатады.
Екі талқылау және семинарлардан соң латын графикасын сауатты жазу ережелері толықтай құрастырылатын болады.
Нәтижесінде қарашаның соңы, желтоқсанның басында оларды Үкіметке қарастыруға тапсырады.
 


Вернуться назад


Аймақтың барлық жаңалықтары karaganda-region.kzсайтында

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр -3°C , ылғал 87%, қысым 719, жел 3 м/с

Валюта бағамдары

USD 371.31
Euro 419.32
Рубль 5.59

Дауыс беру

VI шақырылым депутаттарының қызметімен Сіз қанағаттанасыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2018 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2018 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары