www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Облыс жаңалықтары

10 Тамыз 2018
Қарағандыда Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығына арналған көрме-байқау өтті

Қарағандыда Достық үйінде бейнелеу өнері және сәндік-қолданбалы шығармашылық көрмесі ашылды. Ол танымал жыршы, мемлекет қайраткері Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығына арналады. Шараны Бұқар жырау ауданының әкімдігі, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы мен «Облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісімі» КММ ұйымдастырды.

- Бұл шараның мақсаты – өскелең ұрпаққа картиналар, біздің ұлы жыраудың мирасы, өнері арқылы оның шығармашылығын насихаттау болып табылады. Мұндай көрме-байқау алғаш рет өткізіліп отыр, алайда біз оны бес жылда бір ұйымдастырып отыруды жоспарлап отырмыз, - деді Ботақара кентінің өнер мектебінің мұғалімі, көрмені ұйымдастырушылардың бірі Амантай Әкішев.

Байқау-көрмеге өз туындыларын 23 суретші ұсынған. Көрермендер назарына салынған жәдігерлердің жалпы саны – 47. Қатысушылардың жас мөлшері 25-тен 70-ке дейінгі аралықта.

Қазылар алқасының мүшерелі айтуынша, барлық жұмыстар өзінше бір ерекше туынды, жәнеде олардың арасынан ең үздігін таңдау қиынға соққан.

- Байқауға жас та, тәжірибелі, танымал суретшілердің туындылары да салынды. Барлық қатысушылар жақсы дайындалған екен, оларға алғысымыз зор. Олар Бұқар жыраудың бейнесін және сол кездегі халқымыздың тұрмысын бейнелеуі тиіс еді. Бізге үздік жұмыстарды таңдау қиын болды, - деді қазылар алқасының төрағасы, ҚР суретшілер Одағының мүшесі, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Бейбіт Мұстафин.

Жеңімпаздарға дипломдар мен ақшалай сыйлықтар, ал басқа қатысушылардың барлығына алғыс хаттар табыс етілді.

Байқау-көрме ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында өткізіліп отыр.

 


Вернуться назад


Аймақтың барлық жаңалықтары karaganda-region.kzсайтында

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлтты 28°C , ылғал 24%, қысым 713, жел 2 м/с

Валюта бағамдары

USD 363.28
Euro 414.25
Рубль 5.44

Дауыс беру

VI шақырылым депутаттарының қызметімен Сіз қанағаттанасыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2018 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2018 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары