www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Облыс жаңалықтары

12 Шілде 2018
Ұлытауда қазақстандық туроператорлар үшін форум және үш күндік ақпараттық тур ұйымдастырылды

Бұл күндері Ұлытау ауданында «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Жезкиік» халықаралық музыка фестивалі өтіп жатыр. Бүгін шара аясында туроператорлар үшін форум және ақпараттық тур ұйымдастырылды.
Ұлытау ауылының маңында орналасқан Этноауыл аумағында туристік бизнес, қауымдастықтар, мемлекеттік органдар, «Kazakh Tourizm» Ұлттық компаниясы, қоғамдық ұйымдар өкілдерінің және т.б. қатысуымен туристік форум өтеді.
Ақпараттық турға Ресей, Қытай, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінің шетелдік әріптестерімен серіктес Астана, Алматы қалалары, Ақмола, Жамбыл және Қарағанды облыстарынан ақпараттық турға 60-қа жуық туристік операторлар мен туризм қауымдастықтары қатысты.
Ақпараттық турдың бағдарламасы тарихи-мәдени, киелі және туристік нысандарға барудан құралды. Бұл киелі мекендердің көбісі шет елдік туристерге ғана емес, қазақстандықтар арасында да соншалықты танымал емес. Жыл сайын Ұлытау ауданындағы қасиетті жерлерге шамамен 12 мыңға жуық туристер келіп қайтады екен. ал осындай форумдар мен ақпараттық турлардың арқасында олардың санын 10 есеге арттыру жоспарланып отыр.
- Біз шақырылған туроператорлар үшін үш күндік тур ұйымдастырдық. Олар барлық тарихи жерлер мен мәдени нысандарды өз көздерімен көріп, маршруттар құрып, өз клиенттері үшін болашақта турпакеттер ұсынатын болады, - деп мәлімдеді Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Алмас Айдаров. – Бүгінгі таңда Ұлытауға жылына шамамен 12 мың туристер келеді. Бұл сан өте аз екенін түсінеміз. Сондықтан біз Ұлытаудағы туристік кластерді дамытуға қомақты қарадат салып жатырмыз. Жінеде болашақта бұл жерлерге жыл сайын кем дегенде 100 мың туристер келіп қайтады деп жоспарлап отырмыз.
Форум барысында тек Ұлытаудың ғана емес, жалпы облысымыздың барлық киелі мекендері мен тарихи ескерткіштері таныстырылды. Қатысушылар аймағымызда туризмді дамыту бойынша өз ұсыныстарын ортаға салып, мәселелерді талқылады. Ең басты мәселе логистика және көрнекті жерлердің қолжетімділігіне қатысты болды. Ол үшін облыста тек қана тарихи ескерткіштер мен кесенелерге баратын жолдарды салуға және жөндеуге 2 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген. 60 шықырым жолдар салынып, жөндеуден өтеді.
Сондай-ақ форумға Қазақстан Республикасындағы Францияның Төтенше және Уәкілетті Елшісі Филипп Мартинет қатысты.
- Туризмді дамыту өте маңызды. Біріншіден, аймақтың экономикасына оң әсер етеді, екіншіден – мәдениетке да пайдалы. Біздер, француздар үшін әлем бойынша көпшілік біле қоймайтын мекендер өте қызықты. Сондай-ақ бізге сіздердің мәдениеттеріңіз пен табиғаттарыңыз да қызықты. Бізге бірінші кезекті еңғайлылық емес, табиғаттың сұлулығы мен қоршаған ортаның бастапқы қалпында қасталып қалуы маңызды.
Ұлытау - Ұлы Даланың киелі қазынасы болып есептеледі. Ауданда 600 түрлі ескерткіш бар, олардың 282-і «Ұлытау» қорық мұражайының тарихи-мәдени картасына енгізілген. Олардың негізгілері: атақты Шыңғысханның үлкен ұлы жерленген Жошы хан кесенесі, қазақ хандығының құрылуымен байланысты ұлы оқиғалар өткен «Хан Ордасы» тарихи орны, тарихын Ұлы Тамерланмен байланыстыратын Алтын шоқы тас плитасы, ежелгі жартас өнерінің қызықты да үлгі тұтарлық жауһарларын суреттейтін Тамды, Теректі-Әулие петроглифтері және басқа да тарихи-мәдени және киелі орындар.
Форум мен ақпараттық тур туристерді өңірге тарту мақсатында Қазақстан Республикасының туристік қауымдастығын Ұлытау өңірінің туристік әлеуетімен таныстыруға ықпалын тигізеді.
 


Вернуться назад


Аймақтың барлық жаңалықтары karaganda-region.kzсайтында

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 16°C , ылғал 48%, қысым 723, жел 3 м/с

Валюта бағамдары

USD 354.12
Euro 416.73
Рубль 5.37

Дауыс беру

VI шақырылым депутаттарының қызметімен Сіз қанағаттанасыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2018 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2018 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары