www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Облыс жаңалықтары

11 Шілде 2018
Өз ісін дамыту үшін облыс әкімінің грантынан 28 адам үмітті

Қарағандыда ауылдық жерлерде жастар кәсіпкерлігін қолдау және дамыту үшін облыс әкімінің грантын бөлу бойынша комиссия отырысы өтті. 28 үміткер өз жобаларын қорғады.

- Ауылда өз ісімен айналысып жүрген жастарға берілетін облыс әкімінің грантының биылғы жылғы жалсы сомасы 10 млн теңгені құрайды. Он жоба таңдалып, олардың авторларына миллион теңгеден беріледі. Бұрын бұл сома 500 мыңнан аспайтын, биыл оның көлемі артып отыр. Алайда соманың өсуіне байланысты жаңа талап пайда болды, яғни грант иегері өзіне ауылдағы жұмыссыздар қатарынан бір адамды жұмысқа алып, оған жалақы төлеуі тиіс. Бір миллионның 200 мыңы сол жұмыскердің жалақысына бөлінеді,-деп түсіндірді кәсіпкерлікті дамытуды қолдау қорының директоры Сайран Сыздықова.

Биыл облыс әкімінің грантын алу үшін 7 ауданнан 28 адам өтініш берген.

- Үш ай бұрын мен Атасу кентінде би студиясын аштым. Бірақ дайындалу үшін бізге жабдықтар жетіспей тұр, сол себепті мен облыс әкімінің грантын алуға өтініш бердім. Егер грантты жеңіп алып жатсам, ол қаржыға айна, модульді еден жабындысы, музыкалық жабдықтар мен фитнеспен шұғылдану үшін қажетті нәрселерді аламын,-дейді Жаңаарқа ауданынан келген Айсұлу Жұмабек.

Облыс әкімінің гранты ауыл жастарына жаңа істі ашу немесе әрекет етіп тұрған бизнесті дамыту үшін бөлінеді. Бұл ауылдық жерлердегі жастар арасында кәсіпкерлікті дамытуға, әрекет етіп тұрған бизнесті қолдауға және жастарды жұмыспен қамтамасыз етуге көмектеседі.

- Мен биыл Қарқаралыда ағылшын тілін оқыту бойынша алғашқы репетиторлық орталықты аштым. Бұған дейін мұндай орталық болмаған. Жарты жылда мен 32 адамды оқыттым. Гранттың көмегімен өз оқушыларым үшін жақсы жағдай жасағым келеді, жиһаз алып, жаныма көмекші алмақпын,-дейді Қарқаралы ауданынан келген Жазира Жапарбаева.

Грантты алу үшін үміткерлер бірнеше талаптарға сай келулері керек. Атап айтсақ: қатысушы сол мекеннен жаңадан кәсіп бастаған немесе жұмыссыз болуы керек, жасы 29-дан аспауы тиіс. Жоспарланып отырған бизнес облыстық орталықтан шалғайдағы ауылдық жерде орналасуы қажет. Грантқа үміткерлер кәсіпкерлік қызметтің таңдалған бағытының негіздемесімен бірге бизнес-жоспарларын ұсынулары шарт.

Әр жеңімпаз жұмыспен қамту мекемесінде тіркелген бір жұмыссыз азаматты жұмысқа орналастыруы қажет, сонымен қатар оны бес айы бойы 40 мың теңге шәкіртақы төлей отырып оқытатын болады.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша 10 үздік бизнес жобаның авторлары анықталады. Оларға 18-ші шілдеде Ботақара кентінде өтетін Ауыл жастарының форумында облыс әкімі гранттарды табыстайды.

Жалпы ауылдағы жас кәсіпкерлікті қолдауға 2005-2017-ші жылдар аралығында жалпы сомасы 33,5 млн теңгені құрайтын 168 грант бөлінген.
 


Вернуться назад


Аймақтың барлық жаңалықтары karaganda-region.kzсайтында

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр -2°C , ылғал 75%, қысым 718, жел 2 м/с

Валюта бағамдары

USD 370.49
Euro 421.06
Рубль 5.54

Дауыс беру

VI шақырылым депутаттарының қызметімен Сіз қанағаттанасыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2018 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2018 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары