www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Облыс жаңалықтары

10 Шілде 2018
Қарағанды облысының әкімдігінде жастарды жұмыспен қамту мәселелері талқыланды

Қарағанды облысының әкімдігінде жастарды жұмыспен қамту проблемалары талқыланды. Жинаоыс барысында облыстық жастар саясаты жөніндегі басқарманың бастығы Мирас Құттыбай баяндама жасады.
2018-ші жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша 15-28 жас аралығындағы жастар арасында жұмыссыздық көрсеткіші 5,2% құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылғы дәл осындай мерзімдегі деңгеймен салыстырғанда 0,2% жоғары.
Бұған қоса, облысымыздың алты ауданында аталмыш көрсеткіштер аймақтықтан анағұрлым жоғарырақ. Жастар арасындағы жұмыссыздықтың ең көрсеткішіТеміртау, Қаражал және Ұлытау аудандарында тіркелген.
Ал жұмыссыз жастардың ең төменгі көрсеткіші Қарқаралы, Ақтоғай және Абай аудандарында.
- Жастар саясатының басым бағыттары мемлекеттік және салалық бағдарламаларда көрініс тауып отыр. Жыл басынан бері әкімдіктермен, құзіретті мемлекеттік органдармен және аймағымыздың жастар ресурс орталықтарымен бірігіп облыста белсенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. «Жасыл ел», «Дипломмен ауылға!», «Жастар тәжірибесі», «Серпін-2050», - жобалары жүзеге асырылып жатыр, - деп мәлімдеді Мирас Құттыбай.
Сондай-ақ облыста барлық аудандарда құрылған мобильді ақпараттық топтар қызмет етеді, «Жастар жастарға» ақпараттық-мәдени керуен ұйымдастырылды. Белсенді жұмыстар өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған базардағы және сауда орталықтарында жұмыс істеп жатқан жастар жинақталған жерлерде жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар аймағымызда ауылдағы жастарды қолдау және кәсіпкерлікті дамыту бойынша ұзақмерзімді жоба жүзеге асырылуда. Егер өткен жылы бұл мақсаттарға 3,5 млн теңге бөлінген болса, биыл 10 млн теңгені құрады, ал әр жобаға берілетән гранттар көлемі 1 млн теңгеге дейін ұлғайтылды. Жәнеде грант жеңімпаздары жұмыспен қамту бөлімдерінде тіркеуде тұрған бір жұмыссыз жасты жұмыспен қамтып, оқытып, 40 мың теңге көлемінде стипендия төлеуі тиіс.
Сондай-ақ «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының бастамасы бойынша 2015-ші жылдан бастап «Бизнес-мектеп» жобасы жүзеге асырылып жатыр, оның аясында кәсіпкерлік іскерлік негіздері бойынша курстар қарастырылған. Оқуды қаржылық сектор мамандары өткізеді, оның ішінде «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, екінші деңгейлі банктердің, «ҚазАгро»ҰБХ» АҚ еншілес компаниясының мамандары.
Барлығы облыс бойынша «тиімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасына 7380 жас азаматтар жұмылдырылған, оның 6532-і жұмыспен қамтылған. Қысқамерзімді кәсіби оқытуға 677 адам бағытталды, жастар тәжірибесіне – 260 адам.
 


Вернуться назад


Аймақтың барлық жаңалықтары karaganda-region.kzсайтында

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр 17°C , ылғал 41%, қысым 707, жел 6 м/с

Валюта бағамдары

USD 346.68
Euro 404.02
Рубль 5.47

Дауыс беру

VI шақырылым депутаттарының қызметімен Сіз қанағаттанасыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2018 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2018 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары