www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Облыс жаңалықтары

09 Шілде 2018
«Жез киік» этномәдени музыка фестиваліне қатысушылар қызыл кілем үстімен өтеді

Осы жаздың ең орасан музыкалық шарасы 11 елден келетін музыкалық ұжымдардың шеруімен басталады.
Шеру 13 шілдеде 14.00-де Улытау ауданының «Болатсай» өңірінде фольклорлық музыка фестивалі өтеді. Фестиваль іс-шараға тиісті құрылған этноауылда өтеді. Этноауыл шекарасында сахна, киіз үйлер, ойын алаңдары, алтыбақан, сауда орындары, қолшеберлерге арналған шатырлар, шағын архитектуралық нысандар. Сондай-ақ, кіреберіс қақпасы безендіріледі. Әр музыкалық команда 30 минуттық бағдарлама орындайды, ал гала-концерттің өзі 20.00-де басталады. Осыған дейін айтылғандай, 11 елдің этно-топтары келеді деп күтілуде: Мексика, Перу, Польша, ресей, Түркия, Тәжікстан, Франция, Шотландия, Жапония және Қазақстаннан. 22.00-де сахнаға «Ұлытау» тобы және Қ. Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің солистері шығады.
14 шілдеде «Жез киік» фестивалі Жезқазған қаласында жалғасады. Мұнда арнайы түрде салынған амфитеатрда музыка кешіне дүниежүзінің 10 мемлекеттерінен (Қазақстан, Түркия, Ресей, Әзербайжан, Австрия, Армения, Қырғызстан, Өзбекстан, Молдавия, Италия) 17 солист қатысады. Олар - Бибігүл Төлегенова (Алматы, Қазақстан), Шенол и Гюльчохра Талынлы (Түркия), Айман Мұсаходжаева (скрипка) (Астана, Қазақстан), Нұржамал Үсенбаева (Астана, Қазақстан) – Астана опера, Владимир Мороз (Ресей), Ильхам Назаров (Әзербайжан), Амантай Ибраев (Қарағанды, Қазақстан), Талғат Мұсабаев (Астана, Қазақстан) – Астана опера, Оксана Давыденко (Алматы, Қазақстан) – ГАТОБ, Талғат Ыдырысов (Қарағанды, Қазақстан), Жан Тапин (Астана, Қазақстан) – Астана Опера, Анна Риан (Австрия), Асмик Леолян (Армения), Эльмира Жанабергенова (Қырғызстан), Жеңісбек Пиязов (Өзбекстан), Игорь Подгорну (Молдавия), Марко Боэни (Италия) қатысады. Концерттің алдында фестивальға қатысушылар қызыл кілем үстімен жүріп өтеді.
Музыкалық бағдарлама соңында фестивальдің барлық қатысушылары мен қонақтары «Қара жорға» қазақ биін орындайды. Сонан соң Кеңгір су қоймасының жағалауында мерекелік отшашу болады.
Халықаралық фестиваль «Рухани жаңғыру» Мемлекеттік бағдарламасының «Қазақстанның киелі жерлері» жобасы және «Туған жер» арнайы бағдарламасын іске асыру аясында жүргізіледі. Этно фестивальдің атауы ел ішінде сайғақтың қорғаушысы – Жезкиікпен байланысты. Ол жайлы аңыздар көп. Жезкиік киіктің үйірін аштық пен зұлымдықтан қорғап, Ұлы дала еліне қиын сәттерде көмек береді деседі.
Киелі жануар Жезкиікті көру бақыты бұйырған – қазақтың аяулы перзенті - ақын Кәкімбек Салықов. Сағымға оранған кең далада кербез Жезкиікті кездестіріп, жан-дүниесін тербеген жануарға сырлы өлең арнаған екен. Бұл шығармаға көптеген композиторлар ән жазған еді. Көз жанары көруден қалған сазгер Жақсыкелді Сейіловтың әуені ғана бұл шығарманың атағын шартарапқа жеткізді.
«Жезкиік» әні қазақ даласының Жезқазған жерінде дүнеге келгенді. Осыған орай «Жезкиік» фестивалінің гимніне айналды.
«Жезкиік» фестивалінің күші мен қуаты адамзат мәдениетінің алуан түрлі қырының ашылуына, қайта жаңғыруына, сақталуына бағытталған. Әр мәдениет, әр тіл, Жер шарындағы әр орын – адамзаттың бүгіні мен ертеңі үшін құнды әрі бағалы.
 

 


Вернуться назад


Аймақтың барлық жаңалықтары karaganda-region.kzсайтында

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр 17°C , ылғал 41%, қысым 707, жел 6 м/с

Валюта бағамдары

USD 346.68
Euro 404.02
Рубль 5.47

Дауыс беру

VI шақырылым депутаттарының қызметімен Сіз қанағаттанасыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2018 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2018 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары