www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Облыс жаңалықтары

09 Шілде 2018
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары балаларды мектептерде суда жүзу ережелеріне үйретуді ұсынды

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Анатолий Шкарупа балаларды мектептерде суда өзін қалай ұстау ережелеріне үйретуді ұсынды.

Анатолий Шкарупа Қарағанды облысы әкімдігінің аппараттық жиналысында шомылу маусымында жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша шаралар туралы баяндама оқыды. Оның айтуынша, осы жылдың басынан бері аймағымызда үш бала мен алты ересек суға батып кеткен екен. Барлық қайғылы оқиғалар шомылуға арналмаған су қоймаларында орын алған.

- Суда адамдардың өлімі болмауы үшін облысымызда насихат-алдын алу жұмыстары, жергілікті полиция қызметтерінің рейдтері жүргізіліп, құтқару бекеттері, медициналық көмек көрсету нүктелері жабдықталып, суда қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы ақпараттық стендтер орнатылды. Оқу жылы барысында сабақ үстінде балаларға суда өздерін қалай ұстау керектігі айтылуы тиіс, түсініктеме әңгімелері жүргізіліп, мүмкіндігінше суда жүзуді үйреткен абзал, - деген ұсыныс жасады Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.

Облыс әкімі Ерлан Қошанов бұл бастаманы қолдады. Бұған қоса, ол демалыс және қатты ыстық күндері су жағалауында патрульдік бақылауды үдетіп, халыққа түсіндіру жұмыстарын жиі өткізіп отыруды тапсырды.
 


Вернуться назад


Аймақтың барлық жаңалықтары karaganda-region.kzсайтында

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр 17°C , ылғал 41%, қысым 707, жел 6 м/с

Валюта бағамдары

USD 346.68
Euro 404.02
Рубль 5.47

Дауыс беру

VI шақырылым депутаттарының қызметімен Сіз қанағаттанасыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2018 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2018 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары