www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Облыс жаңалықтары

09 Шілде 2018
Қарағандылық теміржол тұйықтары толығымен көмірмен толтырылды

Қарағандылық теміржол тұйықтары көмірмен толтырылды. Қала тұрғындарына қара отынды сатып алуды көпке созбау ұсынылып отыр.

Аймағымыздағы коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге арналған көмірді жеткізу мәселесі жайлы Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Алмас Айдаров баяндады.
Қарағандыда қатты отынды өндіру және жеткізу мәселелері бойынша жиналыс өтті. Оның қорытындысы бойынша Қарағандыдан еліміздің басқа аймақтарына жіберілетін көмірдің көлемі мен жеткізу кестелері бекілітді. Биылғы жылы қатты отынды өндіру көлемі ұлғайтылады деп жоспарлануда – тек «Шұбаркөл көмір» АҚ бассейндерінде ғана коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге арналған 4,8 млн тонна көмір шығару көзделіп отыр, өткен жылы оның көлемі 3,9 млн тонна болған еді.

- Қарағанды облысына келер болсақ, біз көмір сатылатын барлық теміржол тұйықтарының жағдайын тексеріп шықтық, онда мүлікті түгендеу жұмыстарын өткіздік. Барлық жерлерде техника саны жеткілікті, тұйықтар көмір қабылдауға дайын. Облыс бойынша 10-шы шілдеге дейін барлық тұйықтарды кем дегенде 50 %-ға толтыру туралы тапсырма берілді. Әзірге ол тапсырманың орындалғаны туралы тек Қарағандыдан ғана жауап келді. Мұнда үш теміржол тұйықтары бар, олардың барлығы 100% көмірмен толтырылған. Аталмыш көмір халыққа сатылады. Облыстың басқа да 23 тұйықтары туралы есепті ертең аламыз деп отырмыз, - деп мәлімдеді аппараттық жиналыс барысында Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Алмас Айдаров.

Аймақ басшысы Ерлан Қошанов бұл мәселені бақылауда ұстап, сауда нүктелерінің қатты отынмен толтырылудың мерзімдері мен көлемі туралы оған есеп беріп отыруды тапсырды. Сондай-ақ ол қалалар мен аудандардың әкімдеріне күз айларында көмір сатып алуға қатысты дүрбелең болмау үшін халықпен әңгіме жүргізуді тапсырды.
 


Вернуться назад


Аймақтың барлық жаңалықтары karaganda-region.kzсайтында

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 16°C , ылғал 48%, қысым 723, жел 3 м/с

Валюта бағамдары

USD 354.12
Euro 416.73
Рубль 5.37

Дауыс беру

VI шақырылым депутаттарының қызметімен Сіз қанағаттанасыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2018 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2018 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары