www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

«Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ


 

«Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ бөлім басшысы



БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері:
101600, Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы, Қазақстан көшесі, 101 үй
Электрондық поштаның мекенжайы: shahtinsk_obp@krg.gov.kz 
Сенім телефоны: 8(72156) 5-52-97
БӨЛІМ ҚҰРЫЛЫМЫ
Бөлім басшысы:
Таширова Светлана Анатольевна, тел.:8 (72156)5-52-97
Бюджеттік  жоспарлау және бюджетті орындау  секторының меңгерушісі:
Бос орын тел.:8 (72156) 5-08-11
Экономика салаларын дамытуды  талдау секторының меңгерушісі:
Бос орын, қызметкердің баласына күтім жасау демалысы кезеңіне,  тел.:8(72156) 5-18-16
Коммуналдық меншікті басқару, мемлекеттік сатып  алуларды үйлестіру, бюджеттік және бухгалтерлік есепке алу секторының  меңгерушісі:
Ивашевский Андрей Владимирович, тел.:8(72156) 5-52-12
Бюджеттік  жоспарлау және бюджетті орындау  секторының бас маманы:
Степанова Любовь Викторовна, тел.:8 (72156) 5- 08-11
Бюджеттік  жоспарлау және бюджетті орындау  секторының бас маманы:
Шаталова Ольга Леонидовна, тел.:8(72156) 4-94-02
Бюджеттік  жоспарлау және бюджетті орындау  секторының бас маманы:
Федюшкина Эльвира Ивановна, тел.:8(72156) 4-94-02
Бюджеттік  жоспарлау және бюджетті орындау  секторының бас маманы:
Бос орын, тел.:8(72156) 5-52-14
Коммуналдық меншікті басқару, мемлекеттік сатып  алуларды үйлестіру, бюджеттік және бухгалтерлік есепке алу секторының бас маманы:
Фалий Елена Степановна, тел.:8(72156) 5-52-32
Экономика салаларын дамытуды  талдау секторының бас маманы:
Фазуллина Разия Римановна, тел.:8(72156) 5-18-16
Экономика салаларын дамытуды  талдау секторының бас маманы:
Санакина Оксана Владимировна, тел.:8(72156) 5-18-16


АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ


Аты- жөні, тегі

Лауазымы

Қабылдау күндері

Қабылдау сағаттары

Байланыс телефоны

1

Таширова Светлана Анатольевна

Бөлім басшысы

бейсенбі

сағат 15-00 – ден 17-00 дейін

5-52-97

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕНІҢ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты болып қаланың даму бағдарламасын, қалалық бюджетті орындау, қалалық бюджетті орындау бойынша бюджеттік есепті құрастыру және бюджеттік есепті жүргізу, қалалық коммуналдық мүлікті басқару, мемлекеттік сатып алу үдерісін үйлестіруді іске асыру.
Мемлекеттік мекеме өз құзырлығы шегінде келесі міндеттерді жүзеге асырады:
1) өз құзырлығы шегінде әлеуметтік – экономикалық даму болжамын және Шахтинск қаласының бюджет параметрлерін әзірлеуді жүзеге асырады;
2) қала бюджетінің жобасын құрастыру, бюджетке табыстың және салықтың жылдық түсімін болжау, жергілікті бюджетке табыстардың түсіміне талдау жүргізеді;
3) 3 жылға бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің саласында бюджет шығыстарының лимитін және бюджеттің негізгі параметрлерін қалыптастырады;
4) үш жылғы кезеңге қалалық бюджетті әзірлеуді, қалалық бюджетті қалыптастыру бойынша бюджеттік комиссияның жұмысы үшін материалдарды дайындауды жүзеге асырады;
5) қалалық мәслихатқа қалалық бюджеттің жобасын ұсынуды жүзеге асырады;
6) қаржы жылына Шахтинск қаласының барлық бюджеттік мекемелері бойынша нақтыланған, бекітілген жылдық қаржы жоспарының талдауын іске асырады;
7) бюджетті жоспарлау сатысында бюджеттік бағдарламалардың негіздемесіне талдауды, алдымыздағы қаржы жылына және үш жылғы кезеңге бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерінің ұсынуына және құрастырылуына бақылауды жүзеге асырады;
8) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік комиссияға ұсынған бюджеттік өтінімдері бойынша қорытынды дайындауды;
9) жергілікті инвестициялық жобаларды іске асыру мониторингін жүзеге асыруды;
10) қалалық бюджетті орындау бойынша жұмысты ұйымдастыру;
11) бюджетті орындау бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіру;
12) жоспарлы кезеңге шығындардың орындалуы және күтілетін бюджет түсімдерін анықтайтын процесс  болып табылатын, қолма - қол ақшаны, қолма - қол ақша профициттін (дефициттін) және оны қайтару көзінің келу болжамын құрастырады;
13) міндеттер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарларын, төлемдер бойынша түсімдер мен қаржыландыру жөніндегі жиынтық жоспарларды құрады, бекітеді және жүргізеді; 
14) бюджет қаражат есебінен бөлінген бюджет несиелерін тіркеуді, олардың мониторингі мен есебін жүзеге асырады;
15) бюджетті орындау көрсеткіштерін үнемі және жүйелі түрде жинау, қадағалау және талдау жүргізу арқылы бюджеттік мониторингті жүзеге асырады; 
16) бюджеттік бағдарлама әкімшілерімен бекітілетін мемлекеттік мекеменің иелігінде қалған мемлекеттік мекеменің тауарларын (жұмыстарын, қызметтерін) сатудан түскен түсімдер мен шығындардың жиынтық жоспарын келіседі;
17) бюджеттік қаражатты басқарады;
18) қалалық бюджеттің қолма - қол ақша бақылау шотындағы ақша қозғалысының мониторингін жүргізу;
19) кезекті қаржы жылына арналған қалалық бюджет туралы қалалық мәслихат шешіміне сәйкес Шахтинск қаласы әкімдігінің қарызын өтеуді және қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді;
20) қалалық бюджетті орындау бойынша бюджеттік есепті және есеп беруді жүргізуді қамтамасыз етеді;
21) Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленетін тәртіппен, қала әкімдігінің резервінен қаражат бөлу туралы қолдау хатты қарайды;
22) жергілікті атқарушы органдардың бюджеттік даму бағдарламасын жыл сайын бағалауды жүзеге асырады;
23) қалалық бюджет қаражатын игеру мониторингі жөніндегі жұмыстар шеңберінде мемлекеттік органдар, мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындармен мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру мониторингін ұйымдастырады және жүргізеді;
24) өз құзыретті шегінде мемлекетті мүлікті басқару саласында нормативтік құқықты актілер әзірлейді;
25) аудандық коммуналдық мүлікті тиімді және мақсатты қолдануына бақылау жасауда жүзеге асырады;
26) аудандық коммуналдық мүлікті басқарады, аудандық коммуналдық меншікті оның ішінде аудандық коммуналдық меншіктегі акционерлік қоғамдардағы пакеттермен және шаруашылық серіктестіктердегі қатысу үлестерімен иелену, қолдану, сондай –ақ Шахтинск қаласы әкімдігімен белгіленген жағдайда оны басқаруды жүзеге асырады;
27) мемлекеттік сатып алулар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудандық коммуналдық меншікті жекешелендіру бойынша сауда жүргізу туралы хабарландыруды жариялау үшін кезеңдік баспа өнімдерін анықтау бойынша конкурс жүргізеді;
28) аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға аудандық коммуналдық мүлікті бекітеді;
29) аудандық коммуналдық мүлік есебін жүргізеді, оның тиімді қолдануын қамтамасыз етеді, белгіленген тәртіпте мемлекеттік мүлік тізімін жүргізеді;
30) аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру туралы Шахтинск қаласы әкімдігімен қабылданған шешімдер бойынша аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асырады, жекешелендіру процессін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін сату-сатып алу шартын әзірлеуді және жасауды, сату-сатып алу шарттарының бұзылмауына бақылау жүргізуді жүзеге асырады;
31) аудандық коммуналдық меншікті Шахтинск қаласы әкімдігінің белгіленген тәртіпте соңынан сатып алу құқығынсыз жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға мүлікті жалға (арендаға), сенімді басқаруға ұсынады;
32) аудандық коммуналдық мүлікті өтеусіз қолдануға береді;
33) аудандық қоммуналдық мүлікті сенімді басқару шарты бойынша міндеттердің сенімді басқарушылармен орындалуына бақылау жасауды жүзеге асырады;
34) мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне тапсыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
35) әкімдік шешіміне сәйкес акцияларды және қатысу үлестерін иелену және қолдану құқығы Шахтинск қаласының қаржы бөліміне берілген мемлекеттік бақылау жүргізілуіне сәйкес саладағы акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының орындалуына бақылау және талдау жасауды жүзеге асырады;
36) акцияларды және қатысу үлестерін иелену және қолдану құқығы берілген мемлекеттік бақылау жүргізілетін сәйкес саладағы акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының орындалуына бақылау және талдау жасауды жүзеге асырады;
37) аудандық коммуналдық мекемелердің жарғысын (ережесін) бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
38) сәйкес саладағы уәкілетті органның келісімі бойынша аудандық қоммуналдық заңды тұлғаға берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде сатып алған мүлікті тартып алуды немесе қайта бөлуді жүзеге асырады;
39) сәйкес саладағы уәкілетті органның келісімінсіз бақылау жүргізілген сәттен бастап алты ай ағымында мемлекеттік мүліктің мақсатты қолданылуына бақылау жасау нәтижесі бойынша анықталған аудандық қоммуналдық заңды тұлғаның артық, қолданылмайтын немесе мақсатты қолданылмайтын мүлікті тартып алуды жүзеге асырады;
40) қалалық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға соңынан баланстан шығара отырып басқа тұлғаға тапсырғанға дейін тартып алынған мүлікті күту және сақтауды қамтамасыз ету мерзімін белгілейді; 
41) сәйкес саладағы уәкілетті органға аудандық қоммуналдық заңды тұлғаны қайта құру және таратуды жүзеге асыруға келісім береді; 
42) қалалық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға оған бекітілген мүлікті иелігінен шығаруға немесе басқаруға (өзі өндірген өнімді сатуды қоспағанда), филиалдар мен өкілдіктерін құруға келісім береді;
43) аудандық коммуналдық заңды тұлғаға бекітілген мүлікті мүліктік жалға (арендаға) ұсынылуына талдау жүргізеді;
44) қала әкімдігіне тиесілі дивиденттердің уақытында және толық есептелуіне және төленуіне, сондай-ақ жарғылық капиталға қатысу үлесі қала әкімдігіне тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар арасында таза табысты бөлуге бақылау жасауды жүзеге асырады;
45) қала әкімдігінің қатысуымен аудандық коммуналдық кәсіпорындардың акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жұмыс істеу және оларды тиімді басқару мониторингін ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асырады;
46) жалғыз акционер (қатысушы) қала әкімдігі болып  табылатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) сәйкес директорлар кеңесінің (бақылау кеңесінің) құрамына өзінің өкілдігін тағайындайды, ал қала әкімдігінің қатысуымен өзге акционерлік қоғамдарда және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде директорлар кеңесіне және бақылаушылар кеңесіне кандидатураларды акционерлердің немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысында бекітуге ұсынады;
47) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің мүліктерін тізімнен шығаруды келіседі;
48) Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген ретпен иесіз, мемлекетке мұрагерлік құқықпен ауысқан, сонымен қатар иесіз мүлік, өтеусіз тәртіппен көшкен қараусыз жануарлар деп танылған, Қазақстан Республикасының заңнымен бекітілген тәртіппен коммуналдық меншікке (келіп түскен) бағытында аудандық коммуналдық меншікті әрі қарай қолдану және бағалау, сақтау, есебін жүргізуді ұйымдастырады;
49) жергілікті атқарушы органдардың алдын ала келісімімен жекешелендіру жүргізілуі мүмкін, объектілерді аудандық коммуналдық меншік тізіміне енгізілген аудандық қоммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша  облыстық жергілікті атқарушы органымен алдын - ала келісімін алады;
50) экономика және қаржы бөлімінің Регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;
51) экономика және қаржы бөлімінің қызметін құжаттамалық қамтамасыз етілуін, қызметтік құжаттарды, хаттарды, азаматтардың өтініштерін  қарастыру, азаматтарды жеке қабылдау, мемлекеттік және орыс тілдерінде іс жүргізудің қызметін ұйымдастыру;
52) бөлім басшысының бұйрықтарын, қала әкімдігінің қаулыларын және әкім өкімдерінің сақталуын қамтамасыз етеді;
53) бөлімде кадр саясатын жүзеге асырады, кадр резервін қалыптастырады, қызметкерлердің оқуын, қайта даярлау және тәжірибе алмасуды ұйымдастыруды жүзеге асырады;
54) экономика және қаржы  бөлімінің қызметтерін, қаланың әлеуметтік – экономикалық жағдайын, экономикалық мәселелерді шешу жолдарын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды  ұйымдастырады;
55)  мемлекеттік мекемеге мүлік бекітеді;
56) мемлекеттік мекемені қаржыландырудың жеке жоспарын бекітеді;
57) мемлекеттік мекеме мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
58) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша шара  қабылдайды;
59) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңымен, Қазақстан Республикасының басқа да заңдарымен, Қазақстан Республикасының Президенті және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерімен анықталған өзге де өкілдіктерді жүзеге асырады.


Размещение информации: 25.11.2014 15:10

Последнее изменение информации: 24.02.2018 09:58

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр 31°C , ылғал 28%, қысым 710, жел 2 м/с

Валюта бағамдары

USD 346.68
Euro 404.02
Рубль 5.47

Дауыс беру

VI шақырылым депутаттарының қызметімен Сіз қанағаттанасыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2018 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2018 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары