www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 2018 жылғы Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа жəне «Қазақстанның үздiк тауары» республикалық көрме-конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы хабарлайды

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 2018 жылғы Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа жəне «Қазақстанның үздiк тауары» республикалық көрме-конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығына сәйкес конкурс жыл сайын өткiзіледі.
Конкурсқа Қазақстан Республикасының аумағында тауар өндірумен (қару-жарақ пен әскери техника өндіруді қоспағанда), қызмет көрсетумен айналысатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қатыса алады.
Мемлекеттің қатысу үлесі 50 %-дан асатын ұйымдар, сондай-ақ өздеріне қатысты белгіленген тәртіппен оңалту және банкроттық рәсімдерін жүзеге асыру туралы шешімдер қабылданған ұйымдар конкурсқа қатыса алмайды.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар 2018 жылғы 1 шілдеге дейін өңірлік кәсіпкерлер палатасына немесе www.altynsapa.kz  сайтында электронды нұсқада Конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресiмдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережелерiне сәйкес өтінім мен материалдарды (есептерді) тапсыруы тиіс.
Конкурс бойынша толық ақпаратпен www.altynsapa.kz   сайтында танысуға болады.

Телефон бойынша кеңес: 8 (7172)919-388.
 


 

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 26°C , ылғал 33%, қысым 711, жел 5 м/с

Валюта бағамдары

USD 342.49
Euro 400.85
Рубль 5.51

Дауыс беру

VI шақырылым депутаттарының қызметімен Сіз қанағаттанасыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2018 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2018 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары