Құрметті Шахтинск қаласының тұрғындары!
Қызмет алушыларды құқықтары мен мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттандыру деңгейін арттыру мақсатында 2018 жылғы 23 ақпанда Шахан кенті әкімінің аппараты, Новодолинский кенті әкімінің аппараты, Долинка кенті әкімінің аппараты, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі, тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі», ветеринария бөлімі, білім бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, дене шынықтыру және спорт бөлімі, ұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімнің жұмыспен қамту орталығы мемлекеттік мекемелерінде, Азаматтық хал актілерін тіркеу қызметінде «Ашық есіктер күні» өтеді.
Аталмыш іс-шараны өткізу шеңберінде сағ. 9.00 –ден 17.30-ға дейін (түскі асқа үзіліс сағ. 13.00-ден 14.30-ға дейін) барлық ниет білдірушілерге мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша құқықтық көмек көрсетіледі және кеңес беріледі.
Шахтинск қаласы әкімінің аппараты