www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар

Мемлекет басшысы барша Қазақстан халқына арнайы үндеу жасады

«Қазір заманның дидары өзгерді. Біз де өзгеру керекпіз». Елбасы Мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселесі бойынша үндеу жариялады. Президент мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртатын кез келгенін айрықша атап өтті. Ел мүддесі, заман талабы мен ұрпақ болашағын ойлай отырып, осындай байлам жасағанын жеткізді. Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: - Арнайы құрылған жұмыс тобы атқарылған істерді баяндады. Реформа екі негізгі бағыт бойынша іске асады. Біріншіден, Президенттің экономикалық-әлеуметтік процестерді реттеудегі біршама өкілетін Үкіметке және басқа да атқарушы органдарға берген жөн деп санадым. Сонда бұл салаға Үкімет, министрліктер және әкімдіктер толықтай жауап беретін болады. Өкілеттіктерді беру тиісті заңдарды өзгерту арқылы іске асатын болады. Бұл өзгерістерді Үкімет қазіргі Парламенттің сессиясының аяғына дейін енгізуі тиіс. Екіншіден, одан да күрделі міндет – билік тармақтары арасындағы қатынастарды конституциялық деңгейде теңгерімді ету. Осы реформаның аясында Үкіметті жасақтаудағы Парламенттің рөлін күшейтеміз. Парламент сайлауында жеңген партия Үкімет құрамын анықтауға түбегейлі ықпал ететін болады.

Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/basty-zha-aly-tar/item/160306-memleket-basshysy-barsha-aza-stan-khal-yna-arnajy-ndeu-zhasady
Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс

 

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 2°C , ылғал 36%, қысым 719, жел 2 м/с

Валюта бағамдары

USD 330.00
Euro 390.72
Рубль 5.65

Дауыс беру

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2017 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2017 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары