www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

«Еңбек Жолы» республикалық конкурсы туралы

Жалпыға бірдей еңбек қоғамы идеясынының алға басуы үшін Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен алдыңғы жылдан бастап еңбек әулеті мен өнідіріс жұмыскерлері арасында өткізілетін «Еңбек Жолы» Республикалық конкурсы құрылды. Оның мақсаты – ел экономикасының дамуына еңбекті елеулі үлес қосқан отандастардың жетістіктеріне қазақстандықтардың мақтанышын тәрбиелеу. Конкурс 3 номинациядан құрылған:
1. «Ең үздік еңбек әулеті» – марапат саны ең көп болған ең ұзақ өтілі бар, сансыз көп әулет таңдалады;
2. «Өндірістің ең үздік жас жұмыскері» – жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын, өндірістің ең белсенді және еңбекқор жұмысшысы таңдалады;
3. «Жұмыс істеуші жастардың ең үздік тәлімгері» – еңбек өтілі 20 жылдан кем емес, аса тиімді тәлімгер тандалады.
Үміткерлерден өтінім қабылдау 2018 жылдың 10 маусымнан 2018 жылдың 2 шілдесіне дейін қабылданады. Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар ұсынылады:
1) конкурсқа қатысу туралы номинацияны көрсетумен ерікті нысанда өтініш;
2) жеке куәліктің көшірмесі;
3) 1-3 минуттан аспайтын номинация тақырыбы бойынша бейнеролик (қалауы бойынша жұмыс орынды және икемділікті көрсетумен);
4) Конкурсқа қатысушы туралы (жұмысы, отбасы, қызығушылығы, хоббиі және т.с.с.) 1-3 минуттық компьютерлік таныстыру рәсімі (Microsoft Power Point нысанында);
5) Еңбек кітапшасының және жұмыс берушімен расталған, еңбек әулетінің әр бір өкілінің немесе жұмыскердің жұмыс өтілін растайтын басқа да құжаттардың көшірмесі/жұмыс орнынан анықтама;
6) Жұмыс берушіден немесе кәсіподақтан ұсыныс хат.
Келесі құжаттардың (көшірмесі) бар болу жағдайында:
- мемлекеттік немесе ведомстволық марапат, мадақстама, алғыс хаттар көшірмесі;
- біліктілікті арттыру туралы сертификаттар (бар болса).
Конкурсқа құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылады.
«Еңбек Жолы» конкурсына жеңімпаздарды іріктеу өңірлік және республикалық деңгейде екі этаптан өтетін болады:
- әр номинация бойынша ең көп дауыс санын жинаған (барлығы 9 үміткер) үштік көшбасшыны анықтайтын онлайн дауыс беру;
- онлайн дауыс беру нәтижелері бойынша анықталған, үштік көшбасылар санынан конкурс жеңімпаздарын комиссиямен анықтау. Конкурс жеңімпаздарын марапаттау Еңбек күніне орайластырылған және «Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай» республикалық форумында ағымдағы жылдың қазан айында өтетін болады.
         Шахтинск өңірінің кәсіпорындарына Республикалық конкурсқа белсенді қатысуға және өзінің өтінімдерін ұсынуды, осылайша еңбек әлеуетін арттыру мен сақтау, еңбекке құрметпен қарау рухында жастарды тәрбиелеуге өз үлестерін қосуды сұраймыз.
        

Конкурс туралы бұдан толық ақпаратты «Шахтинск қ. жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің, №18 кабинетінен (тел: 35947,35912) алуыңызға болады.

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр 17°C , ылғал 41%, қысым 707, жел 6 м/с

Валюта бағамдары

USD 346.68
Euro 404.02
Рубль 5.47

Дауыс беру

VI шақырылым депутаттарының қызметімен Сіз қанағаттанасыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2018 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2018 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары