www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

«Аймақтардың тұрақты дамуындағы жергілікті қоғамдастықтардың үлесі» әлеуметтік жобаларының платформасына қатысу байқауы

ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАР ПЛАТФОРМАСЫНА ҚАТЫСУ БАЙҚАУЫ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

Жалпы ережелер

Осы қағида 2018 жылғы «Asar» үш жақты ынтымақтастық форумы аясындағы әлеуметтік жобалар платформасына (бұдан әрі - Платформа) қатысу байқауының өткізу және ұйымдастыру тәртібін анықтайды. Ұйымдастырушылар – Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, «Атамекен» ҚР Кәсіпкерлерінің ұлттық палатасы, «Азаматтық  бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ.

 

Платформа мақсаты

Бизнес пен ҮЕҰ-ды қоғамның әлеуметтік мәселесін шешу мен анықтауға, бизнестің әлеуметтік жауапкершілік тәжірибесін ілгерілетуге бірлесе қатыстыру арқылы өзара әрекеттестігін нығайту.

 

Қатысу талаптары

 

Қазақстанның кәсіпкерлері мен ҮЕҰ платформа қатысушылары болады.

 

Платформаға қатысуға келесідей талаптарға сәйкес келетін ҮЕҰ-ң жобалары шақырылады:

 

  • Жобалар жергілікті қоғамдастықтарды дамытуға, жергілікті мәселелерді шешуде тұрғындардың қоғамдық әлеуетін қолдануға және осы аймақтардағы өмір дәрежесін көтеруге бағытталуы керек.
  • Ұсынылатын жобалар жергілікті қоғамдастықтардың өмірін жақсартуға шынайы үлес қосуы керек.
  • Жобалар ҮЕҰ-дың ағымдағы қызметіне немесе бір реттік іс-шараларды өткізуге бағыттала алмайды.
  • Жобалар бұрынғы кездері қаржыландырудың басқа дереккөздері арқылы жүзеге асырылмаған болуы тиіс.

 

ҮЕҰ осы ереженің талаптарына сәйкес өзінің жобасын жолдай алады.  Бұл жобалар www.asarprojects.kz онлайн-платформасында ұсынылып,  Қазақстан кәсіпкерлерінің арасында таратылатын болады.

 

 

Кәсіпкерлер ұсынылған жобаларды www.asarprojects.kz онлайн-платформасынан көре алады.

ҮЕҰ ұсынған жобаларға кәсіпкерлер қызығушылық танытқан жағдайда, олар бизнеспен инвестициялануы мүмкін.

 

Платформа ҮЕҰ мен кәсіпкерлер арасында жаңа ынтымақтастық құру үшін жағдай жасайды, бірақ нәтижесінде қандай да жобалардың қаржыландырылуына кепілдік бермейді.

 

Жергілікті қоғамдастықтардың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған жобалар тиісті аймақтардағы «Рухани жаңғыру» жобалық кеңселерінде таратылады және «Рухани жаңғыру» әлеуметтік бастамалар Картасына жолданады.

 

Платформаны өткізу кезеңдері:

Байқау 3 кезеңнен тұрады:

1)           бірінші кезең – 2 сәуір мен 2 мамыр аралығында – ҮЕҰ-дың жобалары көрсетілген өтінімдерді жинау;

2)      екінші кезең – 2 мамыр және 2 маусым аралығында – ҮЕҰ-дың жобаларын онлайн-платформада жариялау және кәсіпкерлер арасында тарату. Онлайн-платформада осы ереже талаптарына сәйкес келетін жобалар ғана жарияланады;

3)      үшінші кезең – маусым айының екінші жартысы - ҮЕҰ мен кәсіпкерлер арасында меморандумдарға қол қою.

 

Байқау өтінімдерін беру тәртібі және формасы

ҮЕҰ Платформаға қатысу үшін 2018 жылдың 2 мамыры күні сағат 18.00-ге дейін (Астана уақытымен) asar@cisc.kz электронды поштасына Платформаға қатысу туралы өтінімді қазақ немесе орыс тілінде жіберулері тиіс.

ҮЕҰ үшін өтінім Қосымша 1-де көрсетілген формаға сәйкес толтырылады және өтінімге міндетті түрде слайд (10 бетке дейін) немесе бейнеролик (ұзақтығы 3 минутқа дейін) немесе инфографика (5 данаға дейін) түріндегі презентациялық материал тіркеліп жіберіледі.

Ақпараттық материалдарда келесі мәліметтер көрсетілуі тиіс:

ü  Ұйым мен жобаның атауы;

ü  Белгілі бір мәселені шешуге бағытталған мәселенің сипаттамасы;

ü  Жобаның мақсатының сипаты; 

ü  Мақсатқа жету үшін қажетті қызметтің сипаты;

ü  Жобаның кімге және қалай пайдасын тигізетіндігі туралы сипаттама;

ü  Жобаны жүзеге асыруға қажетті сома;

ü  Жобаның жүзеге асырылу орны;

ü  Жобаның жүзеге асырылу қорытындысы бойынша нәтижесі.

 

Жобаның өз шығынын өзі өтеуі және/немесе алдағы кірістің мүмкіндігі артықшылық болып табылады. 

Жоғарыда сұралған ақпараттар өтінімде толық көлемде және міндетті түрде ұсынылуы тиіс. Егер қатысушы толық емес мәліметтерді ұсынатын болса, ұйымдастырушылар өтінімді қабылдамауға және бұған қатысты түсіндірмелерді бермеуге құқылы. Сонымен қатар, қатысушы өтінімдерді тапсыру шарттарын бұзған жағдайда ұйымдастырушылар өтінімді қабылдамауға құқылы.

 

ПЛАТФОРМА НӘТИЖЕЛЕРІН ШЫҒАРУ.

Кәсіпкерлерден қолдау алған ең сәтті ҮЕҰ жобалары 2018 жылғы маусым айында Талдықорған қаласында өтетін «АSAR» үш жақты ынтымақтастық форумына шақырылатын болады.

 

Қосымша ақпараттарды келесі байланыс номері арқылы алуға болады:

 + 7 7172 67 82 01, asar@cisc.kz.

 

* Ұйымдастырушылар Байқауды өткізу шарттарына өзгерістер енгізуге құқылы. Өзгерістер туралы ақпарат сайтта жарияланатын болады.

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр 9°C , ылғал 88%, қысым 714, жел 4 м/с

Валюта бағамдары

USD 352.54
Euro 415.15
Рубль 5.31

Дауыс беру

VI шақырылым депутаттарының қызметімен Сіз қанағаттанасыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2018 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2018 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары