www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар

Оқиғалар

Өлкенiң төлқұжаты

Шахтинск қаласы
Қала 1961 жылы құрылған.
Қала аумағы 0,2 мың шаршы километрге тең.
Қалалық әкімшілікте 3 кент бар.
2016 жылғы  1 қаңтардағы жағдай бойынша қала тұрғындарының және оған жапсарлас 3 кент тұрғындарының саны 57 500 адамды құрайды.
Қала Қарағанды қаласының оңтүстік – батыс жағында 50 км. алыстықта, Нұра – Тентек өзенінің бір ағымының жағалауында орналасқан.
Қаланың құрылуы Тентек жеріндегі жоғары сапалы көмірді игерумен байланысты.
Шахталар, зауыттар – қаланың дамуының экономикалық тірегі. 
Қаланың ірі кәсіпорындарына «Шахтинская», «Қазақстан», «Тентек», Ленин атындағы шахталар, сондай-ақ «АрселорМиттал Теміртау» АҚ болат және көмір департаменттері үшін өнім өндіретін «Біріктірілген машинақұрылыс зауытының» стандартты емес жабдықтар мен шағын механизация өндірісі және «Горные машины» зауытының филиалы, ет және ет өнімдерін өндіру, өңдеу және консервілеу жөніндегі ірі кәсіпорын – «Апрель - Құлагер» жауапкершілігі шектелген серіктестік жатады. Қаланы жылумен, сумен, электрқуатымен жабдықтауды «Шахтинстеплокэнерго», «Расчетно – сервисный центр» жауапкершілігі шектелген серіктестіктер жүзеге асырады.
2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қалада 333 заңды тұлға тіркелген, оның ішінде 3 ірі, 14 орта, 316 шағын объектілер.
2015 жылы қалада өнеркәсіп өнімдері 8219 млн. тенгеге өндірілген. Негізгі капиталға 10876,4 млн. тенге сомасында инвестиция игерілген, ол 2014 жылғы көлемге 133,6%  құрайды.

Кәсіпорынның өздерінің күшімен орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 2015 жылы 3054,5 млн. тенгені немесе 2014 жылғы көлемге 101,8% құрады. 2015 жылы бөлшектеп саудалау көлемі 8687,4 млн. тенгені құрады. Ауыл шаруашылық өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 1137,9 млн. теңгені құрады (өткен жылғы деңгейге – 104,5%), оның ішінде өсімдік шаруашылығы – 731,1 млн.теңге (102,6%), мал шаруашылығы – 406,8 млн.теңге (108,1%).

2015-2016 оқу жылының басында қалада 12 күндізгі білім беру мекемесі жұмыс істейді, онда 6,6 мың оқушы білім алуда, 2 колледж жұмыс істейді, онда 1,1 мың оқушы білім алуда, 8 бала бақша және 5 шағын орталық жұмыс істейді.
Қалада 8 кітапхана, 4 клуб типті мекеме, 1 мұражай, 1 демалыс парк, кино көрсету қызметін жүзеге асыратын 1 ұйым жұмыс істейді.
72 ұлт өкілі (23,98 % тұрғылықты ұлт өкілдері, 54,46 % орыстар, 21,56 %- - басқа ұлт өкілдері) тұратын аймақта 7 ұлттық мәдени орталық бар. Олар көптеген мәдени және қоғамдық іс-шаралардың бастамашысы болып табылады.


Размещение информации: 25.11.2014 15:10

Последнее изменение информации: 07.04.2016 11:29

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ала бұлтты 25°C , ылғал 36%, қысым 713, жел 3 м/с

Валюта бағамдары

USD 326.74
Euro 382.81
Рубль 5.50

Дауыс беру

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2017 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2017 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары