www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар

Оқиғалар

Өлкенiң төлқұжаты

Шахтинск қаласы
Қала 1961 жылы құрылған.
Қала аумағы 0,2 мың шаршы километрге тең.
Қалалық әкімшілікте 3 кент бар: Шахан, Долинка, Новодолинский.
2017 жылғы  1 шілдедегі  жағдай бойынша қала тұрғындарының және оған жапсарлас 3 кент тұрғындарының саны 57 171 адамды құрайды, оның ішінде:  Шахтинск – 38 063 адам, кенттерде: Шахан – 8 130 адам, Долинка - 4 772 адам және  Новодолинский – 6 206 адам.
Қала Қарағанды қаласының оңтүстік – батыс жағында 50 км. алыстықта, Нұра – Тентек өзенінің бір ағымының жағалауында орналасқан.
Қаланың құрылуы Тентек жеріндегі жоғары сапалы көмірді игерумен байланысты.
Шахталар, зауыттар – қаланың дамуының экономикалық тірегі.
Қаланың ірі кәсіпорындарына «Шахтинская», «Қазақстан», «Тентек», Ленин атындағы шахталар, сондай-ақ «АрселорМиттал Теміртау» АҚ болат және көмір департаменттері үшін өнім өндіретін «Біріктірілген машинақұрылыс зауытының» стандартты емес жабдықтар мен шағын механизация өндірісі және «Горные машины» зауытының филиалы, ет және ет өнімдерін өндіру, өңдеу және консервілеу жөніндегі ірі кәсіпорын – «Апрель - Құлагер» жауапкершілігі шектелген серіктестік жатады. Қаланы жылумен, сумен, электрқуатымен жабдықтауды «Шахтинстеплоэнерго» жауапкершілігі шектелген серіктестік, «Шахтинскводоканал» жауапкершілігі шектелген серіктестік жүзеге асырады.
2017 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша қалада 357  заңды тұлға тіркелген, оның ішінде 3 ірі, 14 орта, 340 шағын объектілер.
Кәсіпкерлік қызметпен айналыспайтын қаланың ірі және орташа кәсіпорындарындағы жұмыскерлер саны, 2016 жылы 6095 адамды құраған, орташа номиналды еңбекақы – 93888 теңге. 2016 жылы қалада өнеркәсіп өнімдері 10 млрд. 354,0 млн. тенгеге өндірілген, 2015 жылғы көлемнен 26 % көп (8219,0 млн. теңге).
Негізгі капиталға 5 822,1 млн. тенге сомасында инвестиция игерілген, ол 2015 жылғы көлемге  53,5%  құрайды.
Кәсіпорынның өздерінің күшімен орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 2016 жылы 1016,5 млн. тенгені немесе 2015 жылғы көлемге 33,3 % құрады. 2016 жылы бөлшектеп саудалау көлемі 10 027,6 млн. тенгені құрады. 2016 жылы ауыл шаруашылық өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 2 539,5 млн. теңгені құрады (2015 жылғы деңгейге – 223,1%), оның ішінде өсімдік шаруашылығы – 1 892,8 млн.теңге (258,9%), мал шаруашылығы – 646,4 млн.теңге (158,9%).
2017-2018 оқу жылының басында қалада 12 күндізгі білім беру мекемесі жұмыс істейді, онда 6,7 мың оқушы білім алуда, 2 колледж жұмыс істейді, онда 1,1 мың оқушы білім алуда, 8 балабақша және 4 шағын орталық жұмыс істейді.
Қалада 8 кітапхана, 4 клуб типті мекеме, 1 мұражай, 1 мәдени демалыс паркі, кино көрсету қызметін жүзеге асыратын 1 ұйым жұмыс істейді.
Аймақта 72 ұлт өкілі (24,79 % тұрғылықты ұлт өкілдері, 53,93 % орыстар, 21,28 %- - басқа ұлт өкілдері) тұратын аймақта 7 ұлттық мәдени орталық бар. Олар көптеген мәдени және қоғамдық іс-шаралардың бастамашысы болып табылады.


Размещение информации: 25.11.2014 15:10

Последнее изменение информации: 07.09.2017 10:51

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 2°C , ылғал 36%, қысым 719, жел 2 м/с

Валюта бағамдары

USD 330.00
Euro 390.72
Рубль 5.65

Дауыс беру

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2017 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2017 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары