www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар

Оқиғалар

2012-2015 жылдарға арналған энергия үнемдеу жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы

Энергия үнемдеу шараларын орындау мониторингі (2013 жылғы 1 жартыжылдық)


Энергия үнемдеу жөніндегі ақпарат

1. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 25 желтоқсандағы   № 210-I «Энергиямен жабдықтау туралы» Заңына сәйкес Шахтинск қаласында 2012-2015 жылдарға арналған энергия үнемдеу жөніндегі кешенді жоспар  бекітілген және ол іске асырылуда. Бұл бағдарлама Ел Басының Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауларын іске асыру жөніндегі жалпы ұлттық бағдарламаның бөлігі болып табылады және ол Шахтинск аймағының экономиканың нақты секторында, тұрғын үй – коммуналдық секторында және бюджеттік салада отын – энергетикалық ресурстардың қолдану тиімділігін арттыру міндеттерін шешуге бағытталған.
Энергия үнемдеу жөніндегі іс-шараларға Шахтинск аймағы бойынша 2012 жылы 61 744 мың тенге көлемінде қаражат қарастырылған. Осы қаражат шеңберінде барлық білім беру, мәдениет, әлеуметтік қорғау объектілерінде және өзге де мемлекеттік мекемелерде 100% бақылау - өлшеу құралдары (жылу есептегіштер, су есептегіштер, электр қуатын есептегіштер) орнатылды, тамбурлар салынған және кіре беріс есіктер ауыстырылған, ескірген электр жабдықтары энергия тұтыну деңгейі төмен замануи электр жабдықтарына ауысытырылған және ЖЖЖ немесе қазандықтар замануи және үнемді ЖЖЖ немесе қазандықтарға ауыстырылған. Терезе жақтауларын ауыстыру тәжірибесі жалғасуда.
2012 жылға арналған бюджет жобасында Шахтинск қаласының барлық білім беру объектілерінде 7 АЖБ орнатуға 15 400 мың тенге сомада қаражат көзделген. Қазіргі кезде АЖБ тұрақты жұмыс істеп тұр, ал ол өз кезегінде жайда қажетті температураны ұстай отырып, жылумен жабдықтау сапасын жақсарта отырып, жылу энергиясын тұтынуды айтарлықтай төмендетеді. Мұның барлығы элеваторлық нұсқадағы жылу жүйесімен салыстырғанда жылу энергиясына ақы төлеу бойынша орташа есеппен алғанда қаражатты 20-35% үнемдеуге мүмкіншілік береді. АЖБ жұмсалған қаражатты қайтарып алудың орташа мерзімі 3-5 жыл. Білім беру объектілерінде АЖБ орнатылуына байланысты жылу беру маусымы ағымында 3 000 мың теңгеден астам соммаға үнемдеу қалыптасты.
Шахтинск қаласында энергия үнемдеу жөніндегі бағдарламаны іске асыру шеңберінде 2013 жылы 8 800 мың теңгеден астам сомаға мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында қосымша 4 АЖБ орнату көзделген.
Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында қала бюджеті есебінен қаржыландырылған жалпы 14 454,9 мың теңге сомаға білім беру объектілерінде, бюджеттік ұйымдарда (қала, аудан, кент әкімдіктерінің ғимараттарында және өзге де мемлекеттік мекемелерде) энергия үнемдеу лампаларын орнату, көшені жарықтандыратын энергия үнемдеу шамдарын орнату, БАҚ энергияны үнемдеуді насихаттау, энергия үнемдеу жөніндегі баннерлер мен плакаттар шығару және орнату, семинарлар, көрмелер, дөңгелек үстелдер өткізу, сондай-ақ, сынып сағаттарын, лекциялар, сұхбаттар өткізу жөніндегі жұмыстар орындалған.
2013 жылғы 2 шілдедегі жағдай бойынша төменде көрсетілген жұмыстар атқарылған:
 Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде 8 800мың теңгеден астам сомаға 4 АЖБ орнатылған.
 50 млн. тенге сомаға 1633 ш.м. пластик терезелер орнатылған.
  2125 дана энергия үнемдеу лампалары орнатылған және бұл жұмыс жалғасуда.
 1500 мың тенге соммаға кірмедегі 0,4 кВ кабель ауыстырылған.
 Көшені жарықтандыратын ДРЛ лампалары энергия үнемдеу лампаларына ауыстырылған – 250 дана.
 22125 мың теңге сомаға 21 маусымнан бастап балама жарық беру көздерінен (күн батареялары) көшеге жарық беру столбаларын орнату жөніндегі жұмыстар жүргізіліп жатыр, жұмыстарды «Инновация Тех» ЖШС жүргізіп жатыр.
 4 электр қуатын коммерциялық есептеу құралы орнатылған.
 Суық суды есептейтін 3 жаңа құрал орнатылған.
 47 дана УПС орнатылған.
 6 фотореле 6 уақыт релесіне ауыстырылған.
Бұл бағыттағы жұмыстар жергілікті атқарушы орган мен барлық меншік нысанындағы ұйымдардың қатысуымен жүргізілуде.

2. Ел Басының 2013 -2015 жылдар ағымында энергия тұтыну көлемін 10% төмендету жолымен электр қуатын тұтыну үнемділігін қамтамасыз ету туралы тапсырмасына сәйкес біз Шахтинск аймағында энергия үнемдеу жөніндегі кешенді жоспар әзірледік және оны бекіттік. Бұл бағдарламада энергия үнемдеу жөніндегі іс-шаралар жақын арадағы үш жылға көзделген.
Бүгінгі таңда кәсіпкерлік объектілері мен қарапайым тұрғындар арасында энергияны үнемдеу саясатын белсенді түрде насихатталуда. . 
3. Шахтинск қаласында қайтарым негізінде көп қабатты тұрғын үй тұрғындары қаражатының  есебінен «ТКШ жандандыру» бағдарламасын насихаттау жөніндегі жұмыс толыққанды жүргізіліп жатыр.
Жоғарыда көрсетілген бағдарлама шеңберінде, бүгінгі таңда, 4 тұрғын үй (Абай Құнанбаев даңғылы, 78б, Қазақстан көшесі, 129, 20 және Бирюзов көшесі, 5) тұрғындары энергия үнемдеу элементтерін (подъездердің терезе жақтауларын ауыстыру, жертөлелерді қымтау және энергия үнемдеу лампаларын орнату) қолдана отырып, ортақ үй мүлкіне жөндеу жұмыстарын жүргізуге тілек білдірді.  
БАҚ арқылы, сондай-ақ жалпы тұрғын үй тұрғындарымен жиын өткізу барысында халықпен тұрғын үйлер мен кәсіпкерлік объектілері бойынша қажетті іс-шаралар өткізу туралы, энергия ресурстарына ұқыпты қарау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
  4. Энергия тұтыну көлемін төмендету бойынша Шахтинск аймағының ірі және орта мекемелерінде келесі іс-шаралар жүзеге асырылуда:
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ КД Ленин атындағы шахтасында дегазациялауға арналған метанды қолдана отырып, электр қуатын өндіру жөніндегі пилоттық құрылғы іске қосылған.(Өндіріс қуаттылығы: сағатына 1,1-1,4 Мгвт. Жобаның жалпы сомасы: 251,6 млн. тенге. Құрылған жаңа жұмыс орындары: 2 (механик -1, генераторға қызмет көрсету жөніндегі слесарь -1).
       Құрылғы автоматты түрде жұмыс істейді және газқұбырына 25-50% шегінде метан шоғырланған жағдайда және 10 куб.м. шамасында таза метан шығындалғанда сағатына жобалық 1,1-1,4 Мгвт электр қуатын өндіреді. Өндірілген электр қуаты «Олимпийская» топтық шағын подстанцияға түседі және шахтаның жалпы сұранысының 20% қанағаттандырады.
Нарықтағы оңтайлы экономикалық жағдай болған жағдайда «АрселорМиттал Теміртау» АҚ КД  2013 жылы В.И. Ленин атындағы шахтада орнатылған пилоттық құрылғы сәйкес «Қазақстан» шахтасында  дегазациялауға арналған метанды қолдана отырып электр қуатын өндіру жөніндегі құрылғыға инвестиция құюды жоспарлап отыр.
5. Сонымен қатар, өзге де жеке кәсіпорындарда 3 тарифке бағдарламаланған электр қуатын есептеу құралы орнатылуда, қарапайым лампалар энергия үнемдеу лампаларына ауыстырылып жатыр және т.б.
Демек, энергия үнемдеу технологиясына бастапқы кезеңде қандай да бір ақша салуды талап етсе де, бизнесмендер бүгінгі таңда энергия үнемдеу технологияларының пайдасын түсінді.
  6. Бүгінгі таңда, әзірге, Шахтинск аймағында энергия үнемдеу материалдарын өндіретін ұйымдар жоқ, алайда жаңа көп қабатты тұрғын үйлерді салуға жоба-сметалық құжаттаманы әзірлеу барысында қойылатын талаптардың бірі құрылыс барысында энергия үнемдеу технологияларын қолдану болып табылады. 


Размещение информации: 25.11.2014 15:10

Последнее изменение информации: 25.11.2014 06:00

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық -26°C , ылғал 74%, қысым 732, жел 5 м/с

Валюта бағамдары

USD 323.20
Euro 395.56
Рубль 5.72

Дауыс беру

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2018 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2018 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары