www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Оқиғалар

Энергия үнемдеу. Жасыл стандарттар - мәдениеттің бір бөлігі

ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ.

Жасыл стандарттар - мәдениеттің бір бөлігі

Өткен жылу беру кезеңінде Шахтинск қаласының жалпы білім беру мектептері орнатылған 7 АЖБ арқасында 3 млн.тенгеден астам   қаражат үнемделді. Бұл мақсаттарға 2012 жылға арналған бюджет жобасында 15400 мың тенге қаражат көзделген. Биылғы жылы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 8 800 мың теңгеден астам сомаға 4 АЖБ орнатылады.
         Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 25 желтоқсандағы № 210-I «Энергиямен жабдықтау туралы» Заңына сәйкес Шахтинск қаласында 2012-2015 жылдарға арналған энергия үнемдеу жөніндегі кешенді жоспар  бекітілген және ол іске асырылуда. Бұл бағдарлама Ел Басының Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауларын іске асыру жөніндегі жалпы ұлттық бағдарламаның бөлігі болып табылады және ол Шахтинск аймағының экономиканың нақты секторында, тұрғын үй – коммуналдық секторында және бюджеттік салада отын – энергетикалық ресурстардың қолдану тиімділігін арттыру міндеттерін шешуге бағытталған.
Энергия үнемдеу жөніндегі іс-шараларға жалпы  2012 жылы Шахтинск аймағы бойынша 61 744 мың тенге көзделген. Барлық білім беру, мәдениет, әлеуметтік қорғау объектілерінде және өзге де мемлекеттік мекемелерде 100% бақылау - өлшеу құралдары (жылу есептегіштер, су есептегіштер, электр қуатын есептегіштер) орнатылды, тамбурлар салынған және кіре беріс есіктер ауыстырылған, ескірген электр жабдықтары энергия тұтыну деңгейі төмен замануи электр жабдықтарына ауысытырылған және ЖЖЖ немесе қазандықтар замануи және үнемді ЖЖЖ немесе қазандықтарға ауыстырылған. Терезе жақтауларын ауыстыру тәжірибесі жалғасуда.
Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында қала бюджеті қаражаты есебінен білім беру объектілерінде, бюджеттік ұйымдарда (қала, аудан, кент әкімдіктерінің ғимараттарында және өзге де мемлекеттік мекемелерде) энергия үнемдеу лампаларын орнату, көшені жарықтандыратын энергия үнемдеу шамдарын орнату, БАҚ энергияны үнемдеуді насихаттау жөніндегі жұмыстар жалпы 14454,9 мың теңге сомаға жүргізілді.
Энергияны үнемдеу мәселесі жөнінде семинарлар, көрмелер, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды.
Бұл бағыттағы жұмыстар жергілікті атқарушы орган мен барлық меншік нысанындағы ұйымдардың қатысуымен жүргізілуде.
         Ел Басының 2013 -2015 жылдар ағымында энергия тұтыну көлемін 10% төмендету жолымен электр қуатын тұтыну үнемділігін қамтамасыз ету туралы тапсырмасына сәйкес біз Шахтинск аймағында энергия үнемдеу жөніндегі кешенді жоспар әзірледік және оны бекіттік. Сонымен қатар, бүгінгі таңда біз, кәсіпкерлік объектілері мен тұрғындар арасында энергияны үнемдеу саясатын белсенді түрде насихаттап жатырмыз. 
          Шахтинск қаласында қайтарым негізінде көп қабатты тұрғын үй тұрғындары қаражатының  есебінен «ТКШ жандандыру» бағдарламасын насихаттау жөніндегі жұмыс толыққанды жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда 4 тұрғын үй - Абай Құнанбаев даңғылындағы 78б, Қазақстан көшесіндегі 129 және 120, Бирюзов көшесіндегі 5 үйлер энергия үнемдеу элементтерін (подъездердің терезе жақтауларын ауыстыру, жертөлелерді қымтау және энергия үнемдеу лампаларын орнату) қолдана орната отырып, ортақ үй мүлкіне жөндеу жұмыстарын жүргізуге тілек білдірді.  
         Шахтинск аймағының орта және ірі кәсіпорындарында энергия үнемдеу жөніндегі іс-шаралар жүзеге асырылуды. Мәселен, Ленин атындағы шахтада дегазациялауға арналған метанды қолдана отырып, электр қуатын өндіру жөніндегі пилоттық құрылғы іске қосылған.
        Құрылғы автоматты түрде жұмыс істейді және сағатына жобалық 1,1-1,4 Мгвт электр қуатын өндіреді, өндірілген электр қуаты «Олимийская» топтық шағын подстанцияға түседі және шахтаның жалпы сұранысының 20% қанағаттандырады.
Нарықтағы оңтайлы экономикалық жағдай болған жағдайда «АрселорМиттал Теміртау» АҚ КД  2013 жылы «Қазақстан» шахтасының дегазациялауға арналған метанын қолдана отырып электр қуатын өндіру жөніндегі құрылғыға инвестиция құюды жоспарлап отыр.
         Сонымен қатар, өзге де жеке кәсіпорындарда 3 тарифке бағдарламаланған электр қуатын есептеу құралы орнатылуда, қарапайым лампалар энергия үнемдеу лампаларына ауыстырылып жатыр және т.б.
Демек, энергия үнемдеу технологиясына бастапқы кезеңде қандай да бір ақша салуды талап етсе де, бизнесмендер бүгінгі таңда энергия үнемдеу технологияларының пайдасын түсінді.
          Бүгінгі таңда, әзірге, Шахтинск аймағында энергия үнемдеу материалдарын өндіретін ұйымдар жоқ, алайда жаңа көп қабатты тұрғын үйлерді салуға жоба-сметалық құжаттаманы әзірлеу барысында қойылатын талаптардың бірі құрылыс барысында энергия үнемдеу технологияларын қолдану болып табылады. 
        Бізге «Жасыл стандарттар» бағдарламасына назар аудару қажеттігін атап өткім келеді, бұл дегеніміз ғимараттарды салған және пайдаланған барысында ғимараттарға арналған экологиялық нормалар. Бұл жүйе көптеген талаптары бар арнайы сертификациядан өтуді қажет етеді. Негізгі қағидат  — объекті құрылысының және пайдаланудың адам өміріне қауіпсіздігі. «Жасыл» үй құрылысы барысында қолданылатын құрылыс материалдарының барлығы экологиялық нормаларға сай болуы керек, сондай-ақ екінші қайтара қолданылатын немесе кәдеге жаратылатын болуы қажет. Біз мұндай деңгейге әлі жеткен жоқпыз, бірақ оған алғашқы қадамдар жасалуда.
          Сондай-ақ, Астана қаласында өткен «ЭКСПО -2017» Халықаралық көрмеде, біз, бұл жобаға қатысу үшін шағын және орта бизнестің инновациялық ұсыныстарын дайындап жатырмыз.
          Қорыта келгенде, айтайын дегенім, энергия үнемдеу – бұл энергияны тұтынушылардың, яғни халықтың мінез-құлқымен және ой-өрісімен тікелей байланысты қызмет саласы. Демек, егер біздің әрбіреуіміз қолда бар энергия ресурстарына деген көз – қарасымызды өзгертсек, сонда ғана біз энергия үнемдеуде айтарлықтай өзгерістерге қол жеткіземіз. Энергияға деген ұқыпты көз-қарас бүгінгі күннің сәні болмау керек, ол біздің күнделікті өміріміздің бөлігі, өздігінше мәдениет болуы керек. Қоғамда энергия үнемдеу мәдениетін қалыптастыру мақсатына қол жеткізгенде ғана, тек біздің облысымыздың ғана емес, жалпы еліміздің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеміз, табиғатпен үйлесімділікті сақтаймыз және Қазақстанның келер ұрпағы үшін біздің еліміздің байлығын сақтап жеткіземіз!


Александр АГЛИУЛИН,
Шахтинск қаласының әкімі

 


Размещение информации: 25.11.2014 15:10

Последнее изменение информации: 25.11.2014 06:00

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр 11°C , ылғал 39%, қысым 721, жел 7 м/с

Валюта бағамдары

USD 327.92
Euro 399.31
Рубль 5.23

Дауыс беру

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2018 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2018 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары